25 Қыркүйек, 2013

Мәриям мұңы

355 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

М.ХакимжановаСонау ерте шағында өмірден қорлық көріп күйінгенде: «Тырсылдаған көздің жасын, Тоқтататын не амал бар. Қор боп өткен қайран басым, Қашан ғана жоғалар...» – деп тотияйын жалағандай, тілін күйдіре жазғанымен, бақытты ақын болып ел көзінде қалған еді...

М.ХакимжановаҚостанайдың облыстық газетінде табан аудармай жиырма екі жыл көз майын тауысып, қалам сорып, ащы терге малшынып қызмет еткен жалынды күндерім есіме түссе жүрек тұсым кәдімгідей ып-ыссы боп, сағыныш сезім тұла бойды шарпып кетеді. Бал арасынша ләззаттана жинаған рухани игілік, жылдар өте келе көзі бітелудің орнына, тұма бұлақтай асаулана бұлқынып, көкірек көмбесінен молынан қарпуға ынтықтыра тартады екен...

Иә, сондай қазыналы қам­ба­дан сәті түсіп, ақтарылған мына бір суыртпақ сыр, бәлі, ұзақ жылдар тербеліп, иі қа­нып, күні жеткендей боп, күм­бір­лей құйылған еді. Әттең, бірақ тұтастай құмарлы қызық емес екен, жүректе беріштене түс­кен қайғы-мұңның қатпарлы қырғышының қылпа жүзіндегі шер-налалы, шерменде запыраны іспетті-ау, сірә!..

...Сонымен, Қостанайдағы шығармашылық күндердің жылыстанып жатқан беймаза шағы – өткен ғасырдың сексенінші жыл­дарының орта шені болатын.

Ақ дастарқан басында Мә­риям Хакімжановамен қатар отырамыз деп кім ойлаған? Сәті солай болыпты. Көрші-дос, белгілі дәрігер Есентемір Әб­ді­кәрімовтің шаңырағындағы уызы меймілдеген осы жүздесу сәті «мен– тарих тегеріші» де­гендей, сырт-сырт етіп, бай­қау­сыз сырғып жатыр еді.

Үлкен ақыннан не сұрай қоя­сыз, жөппелдемеде. Сөзге қосы­луға да жүрексініп, таға­лан­баған аттай тайғанақтай бересің. Есен-саулықты кірме есіктің жақтауындағы сәкіде шаршаңқы, болдырыңқырап отырған Мәриям ападан сұрап-біліскенбіз. Қанша дегенмен, сексен сеңгірі селкілдетпей қоймайды екен-ау. Әлде жүрек тұсы, әлде толысқан дененің икемге көнбей, ауыртпалық салуы ма екен, бір шуыл, демікпе алқыныс, жиі керілген кеуде сырылы естіліп қалады. Бақсақ, әлгінде жеңіл көліктен түскенін ауырлап қалғаны байқалады әзіз жанның. «Өлең шаршатып, салдырағаны ма?» деген күдік серпілді. Сөйтсек, Өлеңді бұл кісі сүйреп жүрмепті, Өлең апамызды жетелеп келе жатқандай екен... Дәтке қуат! Мәриям апа өлеңінің құдіретін білеміз ғой. Оның өлең-моторы әлеуетті күшке ие. «Өзім өлмей отты өлеңім өлмейді», деп шабытымен анттасқан ол өлеңімен өрге өрлеп келеді.

Қадірлі мейманымызды жоғарғы қабатқа бастап көтерілдік. Апай әр баспалдақты қиналып аттайды. Бір, екі, үш... тоқтап, сәл тыныс алады. Ентігін басады. Толық балтырының тамыры білеуленіп, кейбір тұсы шорланып, жарылардай боп көкбұжырланып тырсиып тұр. Сыздап, шыдатпайтындай. «Солқылдатып, әкетіп барады-ау!» дейді де ернін қымқыра тіс­телеп, қайыра аттайды. Бір, екі, үш... Алдағы Есентемір апайдың оң қолынан тас қып ұс­тап алған. Бір жағы соған тар­тылып, екінші жағы сол қо­лымен басқыштың ернеу ағашын сырғыта, сығымдай сау­малап әр қадамын санап, зорлана ұмтылады. Мен болсам, апайдың ауырлау денесінің салмағын сәл-пәл қалай жеңіл­детем деп, біресе алға лақша секіріп, баспалдақты мегзеген­дей боламын да, енді бірде соңында қалыңқырап, қай жерінен ұстап, демерімді білмей сасқалақтап, амалсыз ернеу ағашты мытып қысқан сол қолының білегінен көтере, итермелеймін. Мұныма қолай­сызданып «шырағым, өзім-өзім», дейді апай әлсіздеу үн­мен. Міне, қалтасынан қол ора­ма­лын алып, жіпсіген маң­дайына сырғытты. «Уһ, қанша қалды?» Қарасұрлау жүзінен мон­шақтап білінген терін ала­қа­нымен сыдырып тастаған Есен­темір дым демейді. Шара­сыз­данып, танауының желбезегі қусырылып, көзі аларыңқырап кеткен. Апай келесі басқышқа ұмсына беріп еді, Есентемір троспен тартқандай етіп, оң қолынан тағы жебеңкірей жылжыды. Бұл жолы мен әлсіреген апай аяғы тайып, шалқалай құлап кетпесін дегендей сақ­тықпен иығымды қырындай қалқалап, артынан ілбіп келемін. Есентемір «барсың ба, ей!» деп қояды. Жауабым – жай ғана жөткіріну. «Қостанай горисполкомы қазақтарға не бірінші, не жоғарғы қабатты береді», дейді Есентемір әл­де­кімге шағымданғандай болып. «Апайдың сенің үйіңе қонаққа шақырылғанын білмеген ғой, әйтпесе, осы қаланың құрметті азаматы ретінде лифт орната қояр еді-ау», деп әзілдеген болам. Бұл сөзім апайдың құлағына жақты білем, жылжымай, қалт тұрып қалды. Шынында да лифт күтіп тұрғандай жайланып, ағыл-тегіл те

Соңғы жаңалықтар