Ғылым • 27 Мамыр, 2020

Жас ғалымдарға арналған гранттар байқауына құжат қабылдау тәмамдалуға таяу

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарындағы ғылымның, техниканың және технологияның басым бағыттары бойынша қолданбалы зерттеулер саласындағы ғылыми жобалар мен жас ғалымдардың жұмыстарын қаржыландыруға гранттар байқауына құжат қабылдау мерзімі 30 мамырда аяқталады. 

Жас ғалымдарға арналған гранттар байқауына құжат қабылдау тәмамдалуға таяу

Аталған байқау қазақстандық  жас ғалымдардың импортты алмастыратын әлеуеті, жоғары инновациялық және әлеуметтік маңызы бар, келешегі зор ғылыми әзірлемелеріне қолдау көрсету мақсатында жарияланған болатын. 

Конкурстық іріктеуге қатысуға ғылыми дәрежесі бар (ғылыми кандидат немесе ғылым докторы немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) 40 жастан аспайтын ғылыми қызметкерлер (ғылыми ұйымда, жоғары оқу орнында немесе ұйымның ғылыми бөлімшесінде жұмыс істейтіндер) ғылыми зерттеулерге белсенді қатысатын Қазақстан азаматтары жіберіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді Индекс A25T0H5, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Иванилов көшесі, 12А мекенжайына жолдау керек. 

Сонымен қатар [email protected] электрондық поштасы қосымша ақпарат алуға болады. 

Ал байқаудың шарттары мен талаптарын мынау сілтеме арқылы тауып, оқи аласыз.