Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында депутаттар парламенттік оппозицияны күшейтуге бағытталған заңдарды қабылдады.

Парламенттік оппозиция туралы заң қабылданды
Жалпы отырыста Сенат депутаттары Парламент Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы», сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Парламентiнiң комитеттерi мен комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасының заңына парламенттік оппозиция мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын кеңінен талқылады.
Аталған қос заң жобасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде парламенттік оппозиция институтын заңнамалық тұрғыдан бекіту тапсырмасына сәйкес дайындалды. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Азат Перуашев егжей-тегжейлі айтып берді.
– Заң жобасын дайындау барысында Еуропа демократиялық комиссиясының (Венеция комиссиясы) «Демократиялық парламенттердегі оппозицияның рөлі туралы» баяндамасын қолдандық. Біздің оппозицияның орнына парламенттік оппозицияға неліктен назар аударғанымыз сол баяндамада көрсетілген. Соның 23-тармағында «Парламенттік оппозицияның құқықтық шарттары кез келген саяси жүйенің демократиялық жетілуін бағалаудың эталоны болып табылады» делінген. Қазақстанның заң кеңістігінде осы уақытқа дейін «оппозиция» деген ұғым мүлдем болмаған. Қоғамда «нағыз» оппозиция кім екендігі туралы пікірталастар әлі күнге жалғасуы сондықтан шығар. Венеция комиссиясы баяндамасының 11-тармағында «Парламенттік оппозиция деген – парламентке енген, бірақ үкіметтің мүшелері жоқ саяси партиялардан тұрады» деген анықтама берілген. Алайда біз оны Қазақстанның тіршілігіне жеткілікті емес деп таптық. Сол үшін парламенттегі оппозицияны билікке шынымен сыншыл болып, балама көзқарас ұсынып, қоғамды толғандыратын мәселелерді көтеруге міндетті деген талаппен толықтыруды жөн көрдік. Сондықтан «парламент оппозициясының» анықтамасында, бұл партиялар, әдетте, билік партиясынан бөлек өзгеше саясат жүргізуге міндетті деген тезис енгізілген, – деді А.Перуашев.
Заң жобасы бойынша оппозиция үшін бірнеше құқықтық артықшылық қарастырылған: әрбір сессия кезінде парламенттік тыңдаулар мен үкімет сағаттарын бекіту құқығы, үкіметтің заң жобасымен қатар балама заң жобасын ұсыну; парламенттің кез келген іс-шарасында, Мәжіліс пен Сенаттың бірлескен отырыстарында сөз сөйлеуге кепілдік беріледі.
Сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» заңына Мәжілістің тұрақты комитетінің біреуінің төрағасы, екі тұрақты комитетінің хатшысын міндетті түрде оппозиция депутаттарының арасынан сайлауды бекіту ұсынылады. Баяндамашының айтуынша, бұл заң парламенттік көпшілікке оппозицияны шектеуге жол бермейді. Мысалы, егер оппозицияның еншісіне бөлінген комитетке азшылық үміткері қажетті дауыс жинай алмаса, ол лауазымға тек оппозиция ғана басқа үміткерін ұсына алады. Себебі бұл квота тек оппозицияға берілген.
М.Әшімбаев партиялардың белсенділігін арттыруға бағытталған бұл екі заң жобасы Мемлекет басшысы ұсынған саяси реформалар аясында қабылданғанын атап өтті.
– Елімізде демократиялық үрдістерді әрі қарай дамыту мақсатында қолданыстағы заңнамаға «парламенттік көпшілік» және «парламенттік оппозиция» ұғымдары еніп отыр. Заң арқылы Мәжіліске сайланатын парламенттік оппозицияның өкілеттіктері және олардың жұмысын қамтамасыз ету тетіктері нақты айқындалды. Мемлекет басшысының ұсынысымен қабылданған жаңа заңнамалық нормалар елімізде парламенттік оппозицияға кепілдік береді және Қазақстандағы кәсіби парламентаризмнің жаңа кезеңіне жол ашады деп сенеміз, – деді М.Әшімбаев.
Заң жобасына сәйкес Парламент Мәжілісінде депутаттық мандаттардың көбіне ие болған саяси партия немесе саяси партиялар парламенттік көпшілік болып саналады. Ал парламенттік көпшілікке енбейтін, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси мәселелер бойынша сол көпшілікке қарағанда өзге позиция ұстанатын Мәжілістегі саяси партия немесе саяси партиялар парламенттік оппозицияға жатады. Парламенттік оппозиция жекелеген мәселелер бойынша парламенттік көпшілікті қолдауы да мүмкін.
Тұрғын үй құрылысында бірыңғай оператор құрылады
Сондай-ақ жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң екі оқылымда қабылданды.
Депутаттар бастамашы болған заң жобасы Мемлекет басшысының Тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқартуға қатысты тапсырмасына сәйкес әзірленді. Құжат арқылы бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы алқалы топта Сенат депутаты Әлімжан Құртаев жан-жақты баяндады.
Оның айтуынша, заң жобасында тұрғын үй бағдарламалары бойынша жұмыс істеп тұрған «Қазақстан ипотекалық компаниясы», «Бәйтерек девелопмент» және «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» операторларын Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторына біріктіру көзделген.
2000 жылдан бері жұмыс істеп келген «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-тың негізгі міндеті – ипотекалық облигацияларды шығару арқылы екінші деңгейдегі банктерді қайта қаржыландыру. Осылайша ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын сатып алу және ипотекалық қағаздар шығару Екінші деңгейдегі банктерге кредит ресурстарын тез қайтаруды және өтімділікті, сондай-ақ ипотекалық кредиттердің ел азаматтарына қолжетімділігін қамтамасыз етті.
«Бәйтерек девелопмент» АҚ 2008 жылы құрылыс саласы үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Оның негізгі қызметі – револьверлік қаржыландыру қағидаты бойынша жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алу тетігі арқылы «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамуының мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру. Бұл қосымша ресурстар бөлмей жаңа құрылысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ал 2016 жылы тұрғын үй құрылысындағы үлестік салымдардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ құрылды. Оның негізгі қызметі – тұрғын үй құрылысын аяқтауға кепілдік беру. 2017-2019 жылдары кепілдік міндеттемелер көлемі 154,7 млрд теңгені құрады. Кепілдік берілген тұрғын үй алаңы – 927 мың шаршы метр, яғни 10 831 пәтер.
Тұрғын үй бағдарламаларының осы үш операторын біріктіру нәтижесінде жалпы әкімшілік шығыстар азайып, қызметкерлер саны да қысқарады.
Заң жобасының қабылдануы еліміз халқын сапалы және жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік бастамаларды одан әрі іске асыруға, оның ішінде құрылыс саласына қолдау көрсетуге, тұрғын үй нарығындағы және ипотекалық кредиттеудегі сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді өсуі үшін жағдай жасауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жиын соңына қарай Сенат депутаттары құзырлы органдарға депутаттық сауал жолдап, оның ішінде Ольга Перепечина капиталды сыртқа шығару мәселелеріне тоқталса, Динар Нөкетаева аралас мектептердің жұмысын сынға алды.
Түркістанда жыл басынан бері 124 адамға әлеуметтік көмек көрсетілген
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Тарих • Кеше
Тұрғын үй құрылысы тұраламас үшін...
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қандастардың қатары қалыңдайды
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордада вакцина егудің екінші кезеңі басталады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бас санитардың жаңа қаулысы шықты
Елорда • Кеше
Түркі академиясының басшысы Моңғолия елшісімен кездесті
Руханият • Кеше
Президент 4 оқушыны қаққан мас жүргізуші оқиғасын бақылауға алды
Президент • Кеше
Ақмолалықты пышақтаған қарағанды тұрғыны қолға түсті
Аймақтар • Кеше
Қ.Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс кездесуіне қатысты
Президент • Кеше
Үйсіз қалған көп балалы отбасына жеке компания баспана сыйлады
Аймақтар • Кеше
«QazCovid-in» вакцинасы сәуір айынан бастап өндіріледі
Медицина • Кеше
Елордада тұрақтағы көлік өртеніп кетті
Аймақтар • Кеше
Өткен жылы жол-көлік апатынан қанша адам зардап шекті
Қазақстан • Кеше
Ақтоты Райымқұлова шығармашыл балалармен кездесті
Қазақстан • Кеше
ҚазҰУ магистранттары жаңа құрылғы ойлап тапты
Технология • Кеше
Технология • Кеше
Торғайда бір апта жоғалған жылқышы атының арқасында аман қалды
Аймақтар • Кеше
Жолда қалған 137 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Елордада тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті
Елорда • Кеше
Қостанайлық қаскүнем гүл сататын дүкенді тонаған
Аймақтар • Кеше
«Shymkent City» жобасына 0,5 трлн теңге инвестиция тартылған
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері ЭЕБ көмегімен 101 мың адам жұмыс тапты
Қазақстан • Кеше
Себебі белгісіз: Өсек өзенін ақ көбік басты
Аймақтар • Кеше
Шымкентте шетелдік ғалымдардың қатысуымен конференция өтіп жатыр
Аймақтар • Кеше
Елордада су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатыр
Аймақтар • Кеше
Нидерландта сегіз спортшымыз өнер көрсетеді
Спорт • Кеше
4 облыста қандастарды бейімдеу орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
«Ореn University» кеңсесі мен «Таза қол» мүсіні ашылды
Аймақтар • Кеше
Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Астана» Ласина Траореге көз тікті
Футбол • Кеше
Алматы тауларында адасқан туристер табылды
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жүргізілуде
Қазақстан • Кеше
Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстандық армия ұшқышсыз ұшу аппараттарын қарқынды дамытуда
Қазақстан • Кеше
«Шымкент-циркте» аңдарсыз жаңа бағдарлама басталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте демеушілер есебінен 7 спорт алаңшасы салынады
Аймақтар • Кеше
Антикор өткен жылғы құқық бұзушылық фактілерді жариялады
Қазақстан • Кеше
«Adaldyq alańy»: Жобадан жалпыұлттық Қозғалысқа
Қоғам • Кеше
Алматы облысында көлік қаққан оқушы қыздар комада жатыр
Аймақтар • Кеше
«Медеудегі» автотұрақ ақылы болады
Аймақтар • Кеше
Қарағандыда екі айлық қыз бала табылды
Аймақтар • Кеше
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру қалай жүзеге асуда?
Қазақстан • Кеше
Атырауда 2 мыңға жуық мұғалім вакцина салдырады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар