Пікір • 01 Маусым, 2020

Ұрпаққа қамқорлықтың көрсеткіші

201 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы білім беру, ғылым және денсаулық сақтау сынды маңызды салаларға арналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеңес отырысында сөйлеген сөзінде: «Біз білім мен ғылым саласының болашақтағы рөлін айқын түсінуіміз керек. Бүкіл мемлекеттік саясатты соған сәйкес жүзеге асырамыз», деп білім беру және ғылым саласының маңызын одан әрі арттыра түсті.

Ұрпаққа қамқорлықтың көрсеткіші

Президенттің білім беру мен ғылым жүйесін реформалау қажет­тілігіне тоқталуы ұстаздар қауымы­ның мақсат-мүддесімен үндес келеді. Өйткені адам капиталын арттыру ұрпақ тәрбиесіндегі жетістіктермен өлшенеді.

Білім беру жүйесін дамытуға және пе­дагогтер мәртебесін артты­руға ба­ғыт­талған жұмыстардың мемле­кет­тік деңгейде қолға алынға­ны­на ризашылығымыз зор. Елімізде «Пе­дагог мәртебесі туралы» заң қа­был­данып, игі істер атқарылуда. Мем­лекет басшысы жаңа оқу жылы қар­саңында «Bіlіm jáne Ǵylym» атты республикалық Тамыз кеңе­сіне қатысып, білім саласы қызметкер­лері­мен кездесті. Бұл – барлық педа­гог­терге деген құрметтің белгісі. Мінекей, енді сол заңда бекітіліп, Тамыз кеңесінде тапсырған нақты жұмыстар өз жемісін беріп келеді. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында да Президент еліміздің жарқын келешегі – ұлттық құндылықтарға қанығып өскен, танымы терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына жүктелер жауапкершіліктің зор екеніне тоқтала келе, ұстаздардың жала­қысы өсетінін мәлімдеді. Ұстаз­дар қауымын нақты қолдау – еліміз­дің жарқын болашағы болар білімді ұрпағына деген қамқорлықтың көр­сет­кіші деп білеміз. 

Ұлттық кеңес отырысында сөз етілген педагогикалық мамандыққа оқуға түсу талаптарын арттыру, бі­лім бағдарламаларын жаңарту, ІТ-құ­зыреттілікке орай арнайы модуль­дің және білім берудің жаңа технологиялары мен әдістерінің енгізілу қажеттілігі, педагогтерді даярлайтын арнайы оқу орындарының болуы керегі, осы мамандықта оқып жатқан студенттердің шәкіртақысын көтеру, жатақханалармен қамтамасыз ету, ЖОО арасындағы бәсекелестікті арттыру сынды нақты қадамдар білім беру саласына оң өзгерістер әкелетіні сөзсіз.

Мектеп инфрақұрылымын дамыту, яғни заманауи талаптарға сай сыныптар мен оқу жабдықтарымен қамтамасыз ету, ауыл мектептері мен қала мектептері арасындағы айыр­машылықты азайту, мектеп жанындағы интернаттардың жұмысы мәсе­лелерінің талқылаудан тыс қал­мауы да көңіл қуантады. Бұл қазіргі таңда өзекті мәселелерге айналып отырғаны белгілі.

Мұның бәрі білім саласын алға сүйрейтін айқын бағыттар мен бас­тамалар болды. Ең бастысы Ұлттық кеңесте белгіленген жоспарлар мен мақсат-міндеттерді жүзеге асыруда әрқайсымыз жауапкершілік танытуымыз қажет. Соның ішінде ұстаздарға артылар жүк те, сенім де зор екенін сезінеміз.

 

Баян ТЕМІРЖАНҚЫЗЫ,

«Білім-инновация» лицей-интернатының мұғалімі, «Үздік педагог-2019» байқауының жеңімпазы

 

Ақтөбе облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше