Өңірлік жедел штбатың мәліметіне қарағанда, науқастардың арасында Теңіз кенішінде жұмыс істеген 54 адам бар. Сондай-ақ, Атырау қаласының 11 тұрғыны коронавирустың «қақпанына» түсті. Ал, Жылыой ауданынан 3, Мақат ауданынан 1 тұрғыннан да қауіпті індеттің белгісі расталып отыр.
– Атырау облысында коронавирусты жұқтырғандар саны 1105 адамға жетті. Жазылып шыққандар –314 адам, - деп хабарлады жедел штаб.