Адамзат тарихында XX ғасырдың 1920-1950 жылдарын рухтың үстемдігі және техникалық ақыл-ойдың салтанат құра бастаған кезеңі деп айтуға болады. Осы уақыт химия өнеркәсібі мен медицина дамуының басталу сәті болды.
Алғашқы антибиотиктер, инсулин пайда болды, ядролық медицина өз дамуын бастады. Көліктің дамуы жаңа деңгейге көтерілді, әуе өнеркәсібі дамыды. Осы кезеңде атомдану іске асты, адамзаттың космосқа шығуына мүмкіндік берген ракета құрылысы саласындағы жаңа зерттеулер жүргізілді. Бұл теледидар мен компьютер жасау қолға алына бастаған кезең.
Бірақ, өкінішке қарай біздің тарихымызда 1920-1950 жылдар – саяси репрессиялардың қасіретті кезеңі болды. Қазақстандық 100 мыңнан астам адам заңсыз саяси қудалауға ұшырады, 20 мыңнан астам адам атылды. Отбасы мүшелері – әйелдер мен балалар да репрессия құрбандарына айналды.
18 мыңнан астам әйел «АЛЖИР»-ге қамалды. 1951 жылға дейін балаларды да лагерьде ұстады. Қазақстан аумағында барлығы 11 лагерь құрылды, онда репрессияға ұшырағандар мен олардың отбасылары болды.
1919-1922 және 1932-1933 жылдардағы ашаршылық үлкен апат болды. 14 жыл ішінде Қазақстанда ашаршылық 3 млн адамның өмірін жалмады. Ойластырылмаған мемлекеттік саясат және көшпелі халықты күштеп отырықшыландыруға бағытталған зорлық-зомбылық ашаршылықтың себебіне айналды.
Жекелеген адамдар және олардың отбасыларын ғана емес, тұтас халықтарды да репрессияның жалыны шарпыды. Қазақстан аумағына жекелеген халықтардың өкілдерін күштеп көшіру біздің еліміздің келешек тағдырын анықтап берген қайғылы оқиға болды. Қазақстанға депортациялау үш кезеңмен жүргізілді, соның нәтижесінде миллионнан астам адам жер аударылды.
Бүгінде Қазақстанда өткен ғасырдың алғашқы жартысындағы саяси репрессияның салдары ізін қалдырмаған отбасы жоқ.
Қазақстанда сол жылдардағы сабақ боларлық жағдайды есте сақтау үшін Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аталып өтеді. Бұл еске алу этностық шығу тегіне, конфессиялық тиістілігіне немесе жасына қарамастан Қазақстанның барлық азаматтарын біріктіреді.
Жаппай саяси репрессияға ұшыраған адамдарға қатысты әділеттілікті орнату мақсатында 1993 жылы «Жаппай саяси қуғын-сүргiн құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданды. Заңда ақтауға жататын азаматтардың санаттары анықталды. 23 жыл ішінде ауқымды жұмыс атқарылды.
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Мемлекет басшысы қазақстандықтарға үндеу жасап, жазықсыз жазаланғандарды есте сақтауға шақырды. Сол жылдардағы қасіретті есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз. Сондай-ақ Мемлекет басшысы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы Мемлекеттік комиссия құруды тапсырды, оның негізгі міндеті тарихи әділдікті қалпына келтіру болмақ.
Леся КАРАТАЕВА,
тарих ғылымдарының докторы, Президент жанындағы ҚСЗИ-дің бас ғылыми қызметкері
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 23:55
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Кеше
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Кеше
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Кеше
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Кеше
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Кеше
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Кеше
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Кеше
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Кеше
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Кеше
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Кеше
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Кеше
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Кеше
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Кеше
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Кеше
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Кеше
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Кеше
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар