Аймақтар • 02 Маусым, 2020

Аптап ыстықта қалай қорғанамыз?

400 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жаз мезгілі енді басталғанына қарамастан, елордада күн ысып үлгерді. Бүгінгі күннің өзінде термометр бағаналары 30 С-тан жоғары. Ал ең ыстық маусым әлі үш ай жалғасады.

Аптап ыстықта қалай қорғанамыз?

Күннен қорғанумен қатар жұмысқа деген қабілетті қалай арттыруға болады? Бұл туралы әкімдіктің ресми сайты редакциясы №11 қалалық емхананың пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметінің жетекшісі Мария Акименкомен әңгімелесті. Оның айтуынша, ең бастысы күн астында ұзақ отырмау қажет.

«Егер көлеңкеде жасырынуға мүмкіндік болса, солай жасаңыз. Ыстықта дұрыс киім кию керек. Киіміңіз дененің барлық жерін жабатын, кең үлгіде болғаны жақсы. Қысқа шалбар мен майка киген әрине жақсы, бірақ күн астында ұзақ жүруге қолайлы емес. Дененің ашық бөлігіне тек күн сәулесі түсіп қана қоймай, күйік шалуы мүмкін», – дейді М.Акименко.

Ыстық кезде әсіресе бастан күн өтуден сақтану керек.

«Панама, қалпақ не ашық түсті кепка аса қажет болады. Және суды көп ішу керек. Тек қана су емес, қантсыз шырын, итмұрын қайнатпасы, жөке немесе жебіршөп, лимонды су, компоттар тамақ құрғаудан құтқарады. Сондай-ақ тұздың пайда болуына байланысты, су-тұз балансын қалпына келтіретін газдалмаған минералды сумен және изотониктермен шөл қандыру пайдалы. Алкогольден аулақ болыңыз. Ішімдік шөлді күшейтеді», – дейді маман.

Темекі шегуден бас тартқан абзал. Себебі ол жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысын нашарлатады және қандағы оттегі айналымына кедергі келтіріп, оны қоюлатады.

«Криотерапия көмектесуі мүмкін. Салқын затты қолға, құлақтың артына және лимфа түйіндеріне басуға болады», – деп түсіндіреді М.Акименко.

Сондай-ақ ыстық кезде ауыр тағамдардан, қуырылған, тұзды майлы тағамдардан аулақ болу керек. Тұз ағзадағы суды тоқтатып, жылу беруді нашарлатады. Жаңа піскен жемістер мен көкөністерді жиі жеу қажет. Мәселен, күніне 5-6 рет жеуге болады.