Аймақтар • 02 Маусым, 2020

Ұлттық геологиялық барлау компаниясына жаңа басшы тағайындалды

513 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2 маусымда Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ жаңа басқарма төрағасын таныстырды.

Ұлттық геологиялық барлау компаниясына жаңа басшы тағайындалды

Бұл қызметке Анвар Кимович Боранбаев тағайындалды. Министр компанияның жаңа басшысын ұжымға таныстыру кезінде ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың экономиканың дəстүрлі өндіру салаларының тиімділігін көтеру жəне Қазақстанды əлемдік геологиялық барлау нарығына шығару міндетін қойғанын еске салды.

«Бұдан басқа, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев геологиялық барлау бағдарламасын əзірлеуге жəне осы жұмысқа назар аударуға шақырды. Жаңа басшылықтың алдында инвестиция тарту, алдыңғы қатарлы технологиялар трансферті, геологиялық саланы ғылыми-аналитикалық қолдау және т.б. міндеттер тұр», - деп атап өтті Министр.

 

А.Боранбаев 1967 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген.

1992 жылы Алматыдағы Қазақ политехникалық институтының геологиялық барлау факультетін тау-кен инженері-геофизик мамандығы бойынша бітірді.

Жұмыс тәжірибесі:

- «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қазақстан Каспий шельфі» АҚ қызметкері (1999-2003);

- «БанкТұранӘлем» ААҚ сарапшысы (2003-2004);

- «Танашнефтегаз» АҚ геология және өндіріс жөніндегі вице-президенті   (2004-2006);

- «Теңге БК» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары (2006-2007);

- «Теңге БК» ЖШС бас директоры (2007-2009);

- «Қазақстан мұнай және газ институты» АҚ геология және тау-кен технологиялары жөніндегі басқарушы директоры (2009-2010 жж.);

- «Ұлттық сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулер орталығы» АҚ Басқарма төрағасы (2016-2017);

- Сейсмология институтының директоры (2017-2018);

- «Қазгеология» ҰК АҚ.

Бұған дейін Алмаз Әбдіғалымов компанияның төрағасы болған.