Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне «Birgemiz» қорының қазіргі қызметі және партия мүшелері арасындағы іріктеу жұмыстарына дайындық – праймериз туралы мәлімет берілді. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, «Birgemiz» қорының қаражаты есебінен 360 мыңнан астам отбасыға 50 мың теңге көлемінде біржолғы көмек көрсетіліп, 240 мың отбасыға қажетті азық-түлік жеткізілді. Бұдан бөлек елорданың және Алматы қаласының медициналық мекемелерінде жұмыс істейтін 2100-ден астам қызметкерге біржолғы төлем жасалды.
Сондай-ақ «Birgemiz» қорының қаражатынан Мақтаарал ауданы Достық ауылының тұрғындарына баспана салу мақсатында 340 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар партия белсенділері мен еріктілері бір мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жинап, зардап шеккен елді мекендердің тұрғындарына жіберді.
Атқарылып жатқан жұмыстың маңыздылығын айта келе, Елбасы «Birgemiz» қоры арқылы еліміздің шағын қалалары мен ауылдарындағы мұқтаж адамдарға қолдау көрсетуді жалғастыруды тапсырды.
– Төтенше жағдай кезінде «Jas Otan» бүкіл ел бойынша бес мыңнан астам еріктіні жұмылдырды. Олар демалыссыз жұмыс істеп, мұқтаж адамдарға көмек жеткізді. Нағыз патриоттардың, жауапкершілігі мол жас көшбасшылардың жаңа буыны қалыптасқаны қуантады. Олардың ең белсенділеріне арналған алғыс хаттарға қол қойдым, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті халықтың партияға деген сенімін нығайту жұмысын жалғастыруды тапсырды.
– «Nur Otan» – нақты істер партиясы. Мен қоғамдық қабылдауларға келіп түскен хаттардың саны жеті есе ұлғайғанын және шешілген мәселелердің де артып келе жатқанын көріп отырмын. Бұл халықтың партияға деген сенімінің көрінісі. Осы жұмысты одан әрі күшейту керек, - деді Елбасы.
Кездесу барысында Б.Байбек Елбасына өңірлерге жасаған жұмыс сапарларының нәтижелері, партияның сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы және праймеризге дайындық туралы баяндады.
– Қазіргі таңда 10 мың партия мүшесінен құралған кадрлық резерв жасақталды. Праймериз ережелері әйелдер мен жастарға арналған квоталарды ескере отырып бекітілді. Партия өз мүшелері арасындағы іріктеуді екінші жартыжылдыққа жоспарлап отыр», - деді «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.
Тілсіз жау соңғы аптада ғана төрт адамды мерт қылды
Аймақтар • Кеше
Қор нарығынан пайда табуға болады
Экономика • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кішкентай көрермен кімге өкпелейді?
Театр • Кеше
СҚО-да су тасқыны қаупі күшейді
Аймақтар • Кеше
Құтқарушы әйел қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Аймақтар • Кеше
Елордада «Шәмші» мюзиклі көрермен назарына ұсынылды
Театр • Кеше
Футзал: Қазақстан құрамасы көш басына шықты
Футбол • Кеше
Ақтөбе облысының Темір ауданына әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Ұлытау ауданының әкімі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Сегіз облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Жамбыл облысында бірқатар кадрлық тағайындаулар болды
Тағайындау • Кеше
Түркістан облысының денсаулық сақтау саласы көш басында
Медицина • Кеше
Аягөзде аулада тұрған көлік ұрланған
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында жойқын жол апатынан 7 адам қаза тапты (Видео)
Аймақтар • Кеше
Мәжіліс Төрағасы Қырғыз Президентімен кездесті
Парламент • Кеше
Елбасы Қырғыз Республикасының Президентімен кездесті
Елбасы • Кеше
Алматыда өрт қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Қостанайда мұғалімдер мен полицейлерге вакцина егу басталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Тбилисиге тұрақты әуе рейстері қайта ашылады
Қазақстан • Кеше
Атырау облыстық экономикалық тергеу департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
Дәурен Кеңбейіл қаржы вице-министрі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Елордада тілсіз жаумен күрес қалай жүргізілуде?
Аймақтар • Кеше
Ғылыми саланы жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Кеше
Қостанай облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде «Игі істер» марафоны басталды
Аймақтар • Кеше
Сенатта сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Кеше
Ақтөбеде иесіз инженерлік желілер коммуналдық меншікке беріледі
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда кибер шабуылдар күрт артқан
Қоғам • Кеше
Петропавлда жатақханадағы жарылыстан бойжеткен көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
10 наурызда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Кеше
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына - 29 жыл
Қазақстан • Кеше
Алматыда мектептер наурыз айында аралас оқу форматына көшеді
Аймақтар • Кеше
«Дәрмек» республикалық операциясының бірінші кезеңі аяқталды
Аймақтар • Кеше
Adam bol awards жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды
Қоғам • Кеше
Қостанайда карантин бұзғандарға 18 млн теңге айыппұл салынған
Аймақтар • Кеше
Шымкентте мектептерде ыстық тамақпен қамтуға рұқсат жоқ
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жұмыс жүргізілуде
Қазақстан • Кеше
Қазақстан эпидемиялық ахуал бойынша "жасыл" аймаққа оралды
Қазақстан • Кеше
1-5 сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады
Білім • Кеше
Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Жамбыл облысында жұмыспен қамту жалғасуда
Аймақтар • Кеше
Мұнайлыда жылына 250 тонна ет өнімі шығарылады
Аймақтар • Кеше
Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу қойылды
Экология • Кеше
Аула хоккей лигасының V маусымы аяқталды
Спорт • Кеше
Ақмола облысында ауыл мектебіне жаңа автобус табыс етілді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар