Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы ең маңызды білім мен ғылым саласындағы қордаланған мәселелерді талқылауға және шешімін табуға арналды. Отырыста өзекті ойлар айтылып, нақты мақсат-міндеттер айқындалды.

Соның ішінде маған ерекше ұнағаны – аталған салаға бөлінетін қаржының арттырылатыны туралы шешім болды. Білім беру жүйесі лайықты нәтиже көрсетіп, елдің дамуына қарқынды үлес қосып отырған Финляндия, Сингапур секілді елдер білімге қаржы бөлуден алдыңғы орында тұр. Ал бізде білім беруге бөлінетін қаржы жоғарыда атап өткен елдермен салыстырғанда екі есеге дейін төмен. Бұл өз кезегінде мектептеріміздің сапасына, мұғалімдеріміздің дайындығына тікелей әсер етеді.
Бұдан бөлек Президент қазақстандық мектеп оқушыларының PISA (Programme for International Student Assessment), TIMSS (Trends in International Mathematics and Science Study) сынды халықаралық зерттеулердің қорытындысындағы төмен көрсеткішіне де тоқталды. Мұндай нашар нәтижеге бірнеше факторлар себеп болады. Соның басында екі және үш ауысымды мектептер мәселесі тұр. Сонымен қатар шалғай елді мекендерде, ауылдарда орналасқан оқу ошақтарының жайы да көңіл көншітпейді. Онда мұғалім жетіспейді, яки оқушы таппайды. Бұл – тиынның бір бетіндегі түйткілдер. Ал екінші жағында «осы мектептер қалай басқарылып жатыр?» деген салмақты сұрақ бар. Себебі министрлік тарапынан оңтайлы шешімдер мен реформалар қабылданып жатса да оны орындауға, түбегейлі өзгертіп, іске асыруға директорлардың әлеуеті немесе қаржы жетпей жатады. Ал бұған жергілікті атқарушы органдар немесе білім басқармаларының министрлік пен мектептер арасында алшақтық орнатып, кедергі келтіруі түрткі болып отыр. Ірі қалаларда бәлкім білінбейтін болар, шет аймақтардағы білім басқармалары мен бөлімдерінің басшылары өздерін министрлік тағайындамағандықтан әкімдіктің айтқанымен жүреді. Осыдан түрлі қарама-қайшылық туып, реформаның нәтижелі іске асуына зияны тиеді.
Мемлекет басшысы қолға алған оң өзгерістер бұрынғыдан да қарқынды орындалады деп сенемін. Оған барлық жағдай жасалып жатыр. Айталық, педагогикалық мамандықтардағы студенттердің стипендиясын 42 мың теңгеге дейін арттыру бәсекелестікті күшейтіп, үздік түлектердің ұстаздық жолды таңдауына септеседі. Негізінен педагогикалық жоғары оқу орындарының да беделін көтеру керек. Сондай-ақ кеңесте айтылған мамандық таңдау мәселесін жолға қою арқылы үлгерімі жоғары оқушыларға мұғалімдік мамандықты дәріптеуіміз қажет.
Сөзімді түйіндей келсем, ең алдымен үш ауысымды мектептер мәселесін шұғыл шешуге тиіспіз. Екіншіден, мұғалімдердің сапасын арттыру да кезек күттірмейді. Бұл істі педагогикалық мамандықтарға түсу талаптарын күшейтуден бастаған жөн және ең бастысы мектептерді Білім және ғылым министрлігінің тікелей қарауына беру қажет. Мектептер мен министрлік арасында тура байланыс болғанда ғана реформаның қай-қайсысы болмасын жемісті жүзеге асады.
Шәкәрім СЕЙСЕМБАЙ,
Нұр-Сұлтан қаласындағы №54 мектеп-лицейінің директоры, «Жүз жаңа есім» жобасының жеңімпазы
Адамдардың татулығынан асқан құндылық жоқ
Қоғам • Бүгін, 06:10
Қоғам • Бүгін, 06:09
• Бүгін, 06:04
Қоғам • Бүгін, 05:59
Бірлік – кемел келешегіміздің кепілі
Қоғам • Бүгін, 05:57
Тәуелсіздік құрдастарының жобасы
Қоғам • Бүгін, 05:54
Заңдардың Конституцияға сәйкестігі – өзекті мәселе
Қоғам • Бүгін, 05:52
Руханият • Кеше
Өнер • Кеше
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Кеше
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Кеше
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Кеше
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Кеше
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Кеше
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Кеше
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Кеше
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Кеше
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Кеше
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Кеше
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Кеше
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Кеше
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Кеше
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Кеше
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістан облысында бір отбасының бес мүшесі иіс тиіп қайтыс болды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • 27 Ақпан, 2021
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • 27 Ақпан, 2021
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • 27 Ақпан, 2021
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • 27 Ақпан, 2021
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • 27 Ақпан, 2021
Экономика • 27 Ақпан, 2021
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • 27 Ақпан, 2021
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • 27 Ақпан, 2021
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • 27 Ақпан, 2021
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар