Пікір • 03 Маусым, 2020

Білікті мамандарға көңіл бөлгені қуантады

321 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөйлеген сөзінде Денсаулық сақтау саласында қалыптасқан өте маңызды және өзекті мәселелерді қозғады. Бірінші кезекте, дәрігерлік қателіктер мен клиникалық зерттеулер жүргізу тәртібін бұзғаны үшін қылмыстық қудалауға қатысты мәселені сөз еткені баршамызды бей-жай қалдырмайды.

Білікті мамандарға көңіл бөлгені қуантады

Біз Президенттің қазіргі таңда дәрі­герлік міндеттерді тиісінше орындамау туралы ұғымды заң жүзінде және нақты ажырату қажеттілігі туралы айтқан сөзін толық қолдаймыз. Президент ғылымды дамытуға үлкен көңіл бөлуде. Үкіметтің іргелі ғылым мен зерттеу институттарын базалық қаржыландыру көлемін ұлғайту мүм­кіндігін қарастыру керектігін атап өтті. Айта кетейік, Қазақ онкология жә­не радиология ҒЗИ-да клиникалық жә­не ғылыми-зерттеулерді сапалы жүр­гізу үшін қаржыландыруды да, мате­риалдық-техникалық базамен жаб­дықтауды да талап ететін клиникалық зерттеулер жүргізіледі. Сонымен қатар онкологиялық аурулардың алдын алу мен ерте асқындырмай диаг­ностикалауға үлкен көңіл бөлініп отырғанын атап өткім келеді. Мәселен, Қазақстан халқы үшін емханаларда онкоскринингтер сүт безі обырына, колоректалды обырға және жатыр мойны обырына тегін жүргізіледі. Жыл сайын мемлекеттік бюджеттен скринингтер жүргізуге 4 млрд теңге бөлінеді. Қазіргі таңда, COVID-19-ға қатысты жағдайды ескере отырып, әрбір адам санитарлық-эпидемиялық нормалар мен жеке гигиенаның маңызы мен сақталуын түсінуі тиіс.

ҚазОжРҒЗИ-да біздің мамандары­мыздың біліктілігін арттыруда жүйелі түр­де жұмыстар жүргізіледі. Мы­салы, оқы­ту конференциялары, мас­тер-клас­тар, шет­елдік мамандармен бірлескен тумор­бордтар. Сондық­тан Президенттің жоғары білікті ма­мандарға көп көңіл бөлгені қуанта-
ды.

ҚазОжРҒЗИ ұжымы Мемлекет басшысының барлық бастамаларын қолдайды және отандық медицинаның жаңа, сапалы деңгейін көтеру үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды.

 

Диляра ҚАЙДАРОВА,

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы,

ҰҒА академигі

 

АЛМАТЫ