Біздің орталықтың, басқа да ғылыми ұжымдардың агробизнестегі осыған дейін жеткен ғылыми жетістіктері аз емес. Әйтсе де, мемлекет тарапынан берілетін көмекке әлі де мұқтажбыз. Мәселен, ауылшаруашылық дақылдарының тыңайтқышқа бейімділік қасиеті күннен-күнге азайып бара жатқаны мәлім. Бізді алаңдататыны да сол. Қара топырақтың құнарын арттыру үшін әлі де зерттеу жұмыстарын жүргізу керек. Бұл мәселеде ғылыми ізденістерге зәруміз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым жүйесін түбегейлі реформалау керектігін айтты. Бұл ғылымның дамуына серпін беріп қана қоймай, түбінде экономикамыздың жандануына жігер беретін үлкен бастама деп білемін. Шетел бізден несімен озып отыр? Ұлтарақтай жеріне егін егіп, оны баптап, Қазақстаннан төрт-бес есе көп халқын азық-түліктен тарықтырмай, артығын экспорттаумен озық. Оған ғылымға көңіл бөлу арқылы қол жеткізді. Қуатты тыңайтқыштарды жасап шығарып, топырағын құнарландырып, көл-көсір мол өнім алуда. Ыстыққа да, суыққа да төзімді жаңа сұрыптарды ойлап тауып, оны тиімді кәдеге жаратып, экономикасын көтеруде.
Әрине ғылымның агробизнеспен өзара тізе қосып әрекет етпеуіне байланысты проблемаларды зерттеу жұмыстары жасалып жатыр. Мәселен, соңғы жылдары топырақта азотты қоректің негізгі көзі болып табылатын нитратты азоттың төмендігі байқалуда. Осының салдарынан тиісті өнім көлеміне қол жеткізе алмай жүрміз, оған қоса астықтың сапасы нашар болады. Көктемде топырақтағы азоттың қорын және азотты тыңайтқыштарды қолдануға қажеттілікті дұрыс бағалау үшін алқаптардағы азоттың мөлшеріне қандай факторлар әсер ететінін білуіміз қажет. Ол үшін зерттеу жұмыстарын жүргізу керек.
Сол сияқты жасымық өсіру технологиясын зерттеудің жеткіліксіздігі ауыспалы егістікті дамытуға мүмкіндік бермей отыр. Жасымық егілетін алқаптар көлемін ұлғайту арқылы азотты тыңайтқышты аз қолдану есебінен қаржы үнемдеуге және топырақтың құнарлылығын сақтауға болады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығында бұл бағытты қолдау біздің еліміздің экспорттық әлеуетін көтеріп, экономикалық жағынан айтарлықтай пайда табуға жол ашар еді.
Егер ғылымға бөлінетін қаржы көбейсе, көптеген мәселенің түйіні шешілер еді. Жас ғалымдардың ізденуге деген құлшынысы күшейіп, саланың ілгерілеуіне септігін тигізетіні анық.
Кенже АБДУЛЛАЕВ,
А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры
Спорт • Бүгін, 08:14
Көрнекі ақпарат қатесіз жазылуы тиіс
Парламент • Бүгін, 08:12
Жоғымызды іздейтін жанашырларымыз бар
Қазақстан • Бүгін, 08:10
Қазақстан • Бүгін, 08:09
Қоғам • Бүгін, 08:05
Елбасы • Бүгін, 08:04
Елбасы • Бүгін, 08:01
Мықты мәдениет – руханият қайнары
Аймақтар • Бүгін, 08:00
Құрғақ уәде «құрғақшылықтан» құтқармайды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Бір қызық қансонарда түлкі аулаған...
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Сақтандыру нарығының ахуалы қандай?
Қоғам • Кеше
Бейбіт Атамқұлов Италия елшісімен кездесті
Қоғам • Кеше
Өскемен гарнизонында шаңғы тебуден жарыс өтті
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында 10 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Зейнетке ерте шығудың мүмкіндіктері айтылды
Қоғам • Кеше
Мұрат Әйтенов вакцинаның екінші компонентін салдырды
Аймақтар • Кеше
Бақытжан Сағынтаев Францияның бизнес-қауымдастығымен кездесті
Аймақтар • Кеше
Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты
Әлем • Кеше
Алматы облысында заңсыз балық аулаған екі адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкент әкімі тұрғындардың шағымына жауап берді
Аймақтар • Кеше
Атырауда 500 орындық мешіттің іргетасы қаланды
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Германия «жасыл экономиканы» бірлесіп дамуға ниетті
Экономика • Кеше
Батыс Қазақстанда иіс тиген 14 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Ұлы Жеңіске – 75 жыл» кітабының тұсауы кесілді
Әдебиет • Кеше
СҚО-да үсік шалған 5 адамның жағдайы ауыр
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Су тапшылығы мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыда су тасқыны кезеңіне дайындық барысы хабарланды
Аймақтар • Кеше
Елордада қылмыс саны 30%-ға азайды
Елорда • Кеше
«Теңізшевройл» пандемия кезінде Қазақстанға қандай көмек берді?
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Елорда • Кеше
Қазақстанда «Спутник-V» вакцинасынан жағымсыз реакция тіркелген бе?
Қазақстан • Кеше
65 жастан асқан адамдарды вакцинациялауға рұқсат берілді
Коронавирус • Кеше
Ерлан Қиясов вакцинациялаудан кейінгі қорғаныш әсер жайында айтты
Коронавирус • Кеше
Павлодар облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жүріп жатыр
Аймақтар • Кеше
Мұрат Әйтенов: Шымкенттің әр екінші тұрғыны тәуелсіздік тумасы
Аймақтар • Кеше
26 ақпанда Үкімет отырысы өтеді
Үкімет • Кеше
Атырауда бір күнде 43 адам жарақат алды
Аймақтар • Кеше
Түрмеге келген сәлемдеме арасынан есірткі шықты
Аймақтар • Кеше
Сервистік әкімдік ауылдарға да жетті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аида Балаева Сума Чакрабартимен кездесті
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар