Президент өте дұрыс мәселені көтерді. Еліміздің әр өңіріндегі саяси қуғын-сүргін, ашаршылық құрбандарының нақты санын анықтап, жан-жақты зерттеп-зерделеу үшін әр облыста, әр ауданда комиссиялар құрылуы керек деп ойлаймын.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты құжаттардың біраз бөлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетінен Ішкі істер департаменттеріне берілгені белгілі. Департаменттердегі архивтерде әлі де зерттелмеген, ашылмаған құжаттар аз емес. Ғалымдарға, зерттеушілерге сол құжаттарды қарау кезінде жеңілдіктер қарастырылса, кедергілер жасалмаса дұрыс болар еді. Әйтпесе Ішкі істер департаменті құжаттарды қарауға жалпы рұқсат бергенімен, ішіндегі кейбір беттерді аштырмайды. Қызметкерлері жаныңда қарап тұрады. Әр құжаттың құпиялылығын сақтау уақыты бар десек те, 1937 жылдан бері қанша уақыт өтті ғой. Енді қарауға болатын шығар. Ішкі істер департаментіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінен келген құжаттардың өзі толық емес, кейбір беттері алынып тасталған.
Өзім облыстық департаменттің архивінде болып, Ұлан, Катонқарағай және Зайсан аудандарынан «Халық жауы» ретінде айыпталған адамдарға қатысты құжаттармен танысып шықтым. Мәселен, Ұлан ауданының өзінен бір айдың ішінде ғана 28 адам, Катонқарағайдан екі айдың ішінде 61 кісі сотталған. Үш ауданды қоса алғанда бір-екі айдың көлемінде 150-ге жуық адам қуғындалған. Бұл әлі де зерттеуді қажет ететін мәселе. Саяси қуғын-сүргінді тек қазақтар ғана емес, өзге этнос өкілдерінің зиялы қауымы да көрген. Олар да жер аударылған, сотталған, атылған. Осының бәрін анықтау – ғалымдар мен зерттеушілердің міндеті.
Қазақстанға қатысты қаншама құжат шетелдерде жатқанын да естен шығармаған жөн. Осыдан бірнеше жыл бұрын Магаданда (Ресей) болғанда бұл жаққа КСРО бойынша 1 млн, 200 мың адам, оның ішінде 21 мың қазақ жазасын өтеуге келді деген деректерді оқыдым. Бұл 21 мыңның 2 мыңы әлі ақталмаған.
Осы мәселені сол уақытта Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісіне жаздым. Бұл құжаттарды қарауға кез келген адамға рұқсат бермейді. Үкіметтік деңгейде келісім керек. Сондықтан Президент пәрменімен құрылатын мемлекеттік комиссия осы мәселелерді назарға алады деп сенеміз.
Алдияр ӘУБӘКІРОВ,
мұрағатшы, өлкетанушы
Шығыс Қазақстан облысы
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Кеше
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Кеше
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Кеше
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Кеше
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Кеше
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Кеше
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Кеше
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Кеше
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар