Пікір • 03 Маусым, 2020

Ел үшін маңызды бастама

197 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен елімізде Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні белгіленді.

Ел үшін маңызды бастама

Содан бері көптеген шара қолға алынды. Өткен ғасырдың 20-жылдары басталған ашаршылық салдарынан Қазақстан көп жапа шекті. Ең көп жапа шеккен елдің бірі десек те болады. Биыл 30 мамырда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қазақстан халқына үндеу жолдады. Мем­лекет басшысы өз сөзінде қуғын-сүргін құр­бандарын ақтауға байланысты бүгінге дейін біраз жұмыс жүргізілгенін айтып, бұл жұмыстар әлі де жүйелі жалғастыруды  қажет ететінін жеткізді. Со­нымен қатар тарихи әділдікті қалпына кел­ті­ру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құр­бандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комис­сия құруды тапсырғанын хабарлады. Бұл құп­тарлық әрі қажет бастама. Бұл еліміз үшін, келер ұрпақ үшін маңызды. Осыған қатыс­ты әділдік орнату қажет. Өйткені халықты жұмыл­дыратын да, бірлестіретін де – әділдік.

Мен тарихшы ретінде ұзақ жылдар бойы архивтерде жұмыс істеп келемін. Әлі күнге дейін қуғын-сүргінге қатысты материалдар жинаймын. Бұл салада кезегін күтіп тұрған, әлі зерттелмеген жүздеген жұмыс бар. Оларды да есепке алу маңызы. Ресми деректер бойынша, сол кезеңдерде  Қазақстанда 20 мың адам атылды деген мәлімет бар. Ал архивтерге сүйенсек, 100 мың адам қуғын-сүргін құрбаны болды. Сондықтан бұл мәселені түбегейлі зерттеп, анық-қанығын анықтайтын комиссия керек. Оның құрамында тарихшылармен қатар мемлекет қайраткерлері, заң саласының мамандары, құқық қорғаушылар, журналистер болуы керек. Осылайша, бұл істі жан-жақты зерттеп, жазықсыз жан қиғандарды ақтап аламыз. 

Бұл істің саяси әрі заңды астары бар. Соны­мен бірге рухани құндылықты да ұмытпауымыз керек. Бұл кезінде халық санасына үлкен әсер етті, адам­дарда үрей пайда болды. Қазақ халқының өмірі түбегейлі өзгерді. Сондықтан жүйелі жұмыстар керек-ақ.

 

Георгий КАН,

тарих ғылымдарының докторы

 

АЛМАТЫ

 

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45