Президент • 03 Маусым, 2020

Президент: Ресей – Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі

17 рет көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында осындай пікір білдірді.

«Ресей – Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Ресейден Қазақстанға тартылған тікелей инвестиция көлемі 15,7 миллиард долларды құрады. 2019 жылы екіжақты тауар айналымы 2018 жылмен салыстырғанда 6,2% артып, 20 миллиард долларға жуықтады. Қазақстанда 7 мыңнан астам ресейлік компания мен екі елдің 3,5 мыңға жуық бірлескен кәсіпорындары табысты жұмыс істеп жатыр. Экономиканың басым салаларында бірлескен жобалар белсенді іске асырылуда. Мәселен, 2018 жылы Ресейдің ірі «Полиметалл» компаниясы инвестиция көлемі 418 миллион доллар болатын «Бақыршық» тау-кен өндіру кәсіпорнын іске қосты. Жалпы құны 6,6 миллиард долларды құрайтын 53 инвестициялық жобаны бірлесіп жүзеге асыру жоспарланып отыр. Былтыр сәуір айында біз өндірістік кооперация саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасын қабылдадық. Ал қазан айында бағдарламаның алғашқы жобасының аясында Қостанайда «Кировец» тракторларын шығару жұмысы басталды. Зауыттың қуаттылығы жылына 500 тракторға дейін жасап шығаруға жетеді», - деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы Қазақстан Ресейге стратегиялық серіктес ретінде сенім артатынын атап өтті.

«Біз Ресеймен мұнай-газ, мұнай-химия және басқа да қайта өңдеу үлесі жоғары өнім шығаратын салаларда ынтымақтастықты дамытуға ниеттіміз. Каспий қайраңында теңіздегі мұнай-газ жобалары бойынша ынтымақтастығымыз нығайды. Қазақстан Ресейге стратегиялық серіктес ретінде сенім артады. «Лукойл» компаниясы да біздің елде табысты жұмыс істеуде. Бұдан бөлек, Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатқан ресейлік бизнеске қолдау көрсетеміз. Осындай өзара ынтымақтастықтың нәтижесінде өндірісті Қытай мен Орталық Азия нарықтарына шығарамыз деп үміттенеміз. Биылғы күзде Қазақстан-Ресей форумын өткізу жоспарланған. Онда аймақтық экономикалық ынтымақтастық жөнінде бірқатар шешім қабылданады. Осы мәселеге және екіжақты ынтымақтастықтың тұтас кешеніне ұдайы назар аударып отырғаны үшін Президент Владимир Путинге ризашылық білдіремін», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар

2020-2021 оқу жылына дайындық қандай?

Қазақстан • Бүгін, 11:30

42 500 теңгені алу қалай жүзеге асады

Коронавирус • Бүгін, 10:40

Пневмонияны қалай анықтаймыз?

Коронавирус • Бүгін, 08:17

Ақыл-парасатқа жүгінейік

Руханият • Бүгін, 07:54

Бұл – мылтықсыз майдан

Пікір • Бүгін, 07:51

Кәсібіне адал азамат

Саясат • Бүгін, 07:34

Жұмыс берушінің кінәсі көп

Қоғам • Бүгін, 07:30

Тыл ардагерлері өзгеріс күтеді

Руханият • Бүгін, 07:26

Әр азаматтың өмірі қымбат

Пікір • Бүгін, 07:25

Терме тереңдікке баулиды

Руханият • Бүгін, 07:23

GGG жоспарда жоқ

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:15

Әр қазақ – Қазақстан қазынасы!

Руханият • Бүгін, 07:15

Үздік атанды

Оқиға • Бүгін, 07:08

Еңсені түсірмейік

Пікір • Бүгін, 07:03

Бақытты күндер күтсінші...

Пікір • Бүгін, 07:02

Сыр қамысына сырттан сұраныс бар

Экономика • Бүгін, 07:00

Кім қанша табыс тапты?

Спорт • Бүгін, 07:00

Байыту фабрикасы бой көтереді

Технология • Бүгін, 06:58

Сыртқы сауда қашан артады?

Экономика • Бүгін, 06:56

«Білеулі» һәм «Анаға тағзым»

Руханият • Бүгін, 06:54

Карантин финтехты дамытады

Технология • Бүгін, 06:50

Алыс ауылдарға интернет жетті

Технология • Бүгін, 06:45

Ұқсас жаңалықтар