![Елорданың қоғамдық орындарында маска тегін таратылуда](/media/2020/06/03/9f6682417e57362cc53d70775bbd37f1.jpg)
Полиция қызметкерлері мен еріктілер санитарлық нормалар толық сақталмайынша елордадағы карантин режимі аяқталмайтыны, тіпті ұзартылуы мүмкін екенін тұрғындарға түсіндіруде. Сонымен қатар, олар тегін маска да таратты. ⠀
Санитарлық талаптар мен гигиена ережелерін сақтау – вируспен күресудің ең тиімді тәсілі. Елордалықтардың күнделікті өмір салтына оралуы тікелей өздеріне байланысты. ⠀
Сонымен қатар тәртіп сақшылары санитарлық нормаларды толықтай сақтауға шақырады. Атап айтқанда, маска тағып, 2 метр әлеуметтік қашықтық сақтау, қолды антисептикпен өңдеу өте маңызды.
Сондай-ақ үйді желдету және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ылғалды тазалау да қажет.