Аймақтар • 03 Маусым, 2020

Елордадағы Түркістан көшесі 9 маусымға дейін жартылай жабылды

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көлік жүргізушілері кептелістің алдын алу үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордадағы Түркістан көшесі 9 маусымға дейін жартылай жабылды

Жол желісін орташа жөндеу аясында Түркістан көшесінде Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі учаскеде жол құрылысы жүргізілуде, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Осыған орай, 3-9 мамыр аралығында аталған учаскедегі жолды жартылай жабу жоспарланған.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.