Аймақтар • 03 Маусым, 2020

Шымкентте туристерге арналған 6 ақпараттық дүңгіршек ашылды

11 рет көрсетілді

Шымкент қаласында отандық және шетелдік туристерге үш тілде қызмет көрсететін туристерге арналған ақпараттық дүңгіршектер ашылды. 

Ғимараттар «Арбат» жаяу жүргіншілер аймағы мен «Тәуелсіздік» және  «Абай» саябақтарында, «Наурыз алаңы» мен әуежайда және темір жол вокзалында орналасқан.

Туристік дүңгіршек қызметкерлері келушілерге мегаполистің туристік әлеуеті туралы кәсіби кеңес бере отырып, қаламыздың көрікті жерлері мен мәдени оқиғалары туралы,  туристік маршруттары және мәдени-бұқаралық іс-шаралардың анонстары туралы толық ақпаратты бір терезе принципі бойынша ұсынады. Айта кететін жайт, орталықтағы барлық ақпараттық қызмет түрлері тегін көрсетіледі. 

Бұдан бөлек, дүңгіршек тарапынан тұрғындар мен қонақтарға алдын-ала жазылу бойынша (10 адамнан артық емес) тегін экскурсиялық қызмет (18.00 мен 20.00 аралығында) көрсетілетін болады. 

Туризм басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда қалада туристік маршруттар толығымен дайындалған. Болашақта әр-түрлі туристік бағыттағы маршруттар әзірленіп, жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілмек.

«Алдағы уақытта дүңгіршектерімізден кез келген адам қала аумағындағы барлық қонақүйлер мен мейрамханалар, қолжетімді емдеу орталықтары, ондағы бағалар мен қызмет түрлерімен қоса, басқада ақпараттар жайлы толық мәлімет ала алады»,-дейді басқарма маманы.

Туристтік дүңгіршек келушілерге дүйсенбі-жұма күндері, сағат 09.00 ден-19.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар

COVID-19-дан барлығы 375 адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 08:54

Жауапкершілік танытайық

Пікір • Бүгін, 07:35

Табиғатты аялауға үйретейік

Экология • Бүгін, 07:30

Отандық өндіріс көлемі артады

Медицина • Бүгін, 07:19

Атырауға жедел жәрдем керек

Аймақтар • Бүгін, 07:13

Қарға адым жер мұң болған...

Қоғам • Бүгін, 06:40

Айя Софияда азан шақырылады

Руханият • Бүгін, 06:35

Салмағы 92 грамдық принтер

Технология • Кеше

Қашықтан оқып, тіл үйрен!

Білім • 11 Шілде, 2020

Ұқсас жаңалықтар