Елбасы • 03 Маусым, 2020

Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісімен кездесті

36 рет көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед әл-Джабермен кездесті. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Кездесуде Елбасы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтап жатқан Мұхаммед аль-Джаберге алғысын білдірді.

 Сіз біздің елде үш жарым жыл қызмет еттіңіз. Осы уақытта Қазақстан мен БАӘ қатынасы едәуір нығая түсті. Атап айтқанда, мемлекеттер арасында визасыз режим енгізілді. Сізді Қазақстанның сенімді досы деп білемін. Алдағы уақытта да жақсы қарым-қатынаста боламыз деген сенімдемін, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Өз кезегінде Мұхаммед әл-Джабер Елбасыға және барша Қазақстан халқына қонақжайлық көрсетіп, жемісті ынтымақтастық пен екі ел арасындағы қатынастарды дамытуда жан-жақты көмек бергені үшін алғыс айтты.

– Маған бауырлас Қазақстан Республикасында елші болу мәртебесі бұйырды. Сіз бен БАӘ басшылығы арасында достық қарым-қатынас орнаған. Менің Қазақстанға және оның халқына деген ықыласым ерекше. Елден жарқын және ұмытылмас әсер алдым. Дипломатиялық қызметтегі алғашқы лауазымымда «Қазақстан мектебінен» өткенімді мақтан тұтамын, - деді БАӘ елшісі.

Соңғы жаңалықтар

Қажетті көмек көрсетуде

Аймақтар • Бүгін, 08:04

Оқушылар шыңдалатын орда

Оқиға • Бүгін, 07:43

Кісі қызығарлық күміс ер

Руханият • Бүгін, 07:41

«Барыстың» бағыты айқын

Хоккей • Бүгін, 07:33

Итбалыққа «иттік» жасалды

Аймақтар • Бүгін, 07:25

Алтынсаринде құрылыс қарқынды

Аймақтар • Бүгін, 07:11

Тойдың буы һәм мақтан

Руханият • Бүгін, 07:07

Сөйлеу – ақылдың өлшемі

Қоғам • Бүгін, 07:03

Әлем чемпионымен қоштаспақ

Футбол • Бүгін, 06:55

Жері де, елі де абыз

Руханият • Бүгін, 06:48

Азияда үздік үштіктеміз

Спорт • Бүгін, 06:45

«Мерейдің» ісі мерейлі

Аймақтар • Бүгін, 06:45

Әкімдер һәм әлеуметтік желі

Саясат • Бүгін, 06:40

Қалдық неге қажетсіз?

Экология • Бүгін, 06:36

«Жыры» бітпейтін жол

Қоғам • Бүгін, 06:32

Ұқсас жаңалықтар