Бұрынғы Жоғарғы Кеңестің баспасөз қызметі тәуелсіз еліміздің мемлекеттік рәміздерін әзірлейтін комиссияның тұрақты істейтін жұмыс тобы болып белгіленген соң, осы жерде кәсіби қызметімізді атқарып жүргендіктен, тәуелсіз еліміздің қасиетті таңбаларының әзірлену процесінің тікелей қатысушысы һәм қабылдану тарихының куәгері болуға тура келгенін газет өтінішіне сай қайта еске алуды жөн көрдік.

Тәуелсіз Қазақстанның болашақ жалауын, Мемлекеттің Елтаңбасын көз алдына елестеткен қалың көпшілік мамандығына, жасына, қызметіне қарамастан, осы тұста әртүрлі нысандағы жобаларын жұмыс тобына жолдап жатты. Жұмыс тобы бұл жобаларды рет-ретімен комиссия отырыстарында қарауға дайындап, қарау нәтижелері бойынша іріктеп, қазылардың талқысына қайта ұсынып отырды.
Осындай жан-жақты және сарабдал саралаудың нәтижесінде барып ақырғы жоба пайда болды. Қазір Қазақстанның әлемге әйгілі Көк Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасын көргенде, бұлардың бастапқы нұсқаларын, алғаш түскен басқа да жүздеген «аталас ағайындарын» жоба күйінде өзіміз авторларынан қабылдап алып, бөлмеден бөлмеге тасып, комиссияның қарауы үшін орын-орнына қойып орналастырып дегендей, сол кезде атқарылған ұйымдастыру жұмыстары көзге елестеп өтеді...
Еліміздің рәміздері туралы сөз болғанда, қоғам қайраткері, белгілі қаламгер марқұм Ербол Шаймерденұлының есімі ерекше һәм құрметпен аталуға тиіс. Сол кезеңде Жоғары Кеңестің баспасөз хатшысы болып істеген Ербол Шаймерденұлы жаңа қазақ рәміздері пайда болуының бастауында жүріп, оның тарихи, ғылыми және практикалық негіздерін зерделеп, өзінің білімі мен білігін арнап, ұйымдастырушылық қабілетін айрықша көрсетті. Оның 1993 жылы ардақты Әбіш аға Кекілбайұлының алғысөзімен жедел басылып шыққан тұңғыш кітабы тәуелсіз ел рәміздерін танытуға бірінші болып жол ашты.
Жоғарғы Кеңестің баспасөз қызметінде Ербол Шаймерденұлымен бірге қызметтес болған журналист Еркін Зікібаев екеуміз сол кезде Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың шығармашылық-авторлық бірлігінен туған мемлекеттік Елтаңба бейнесін Жоғарғы Кеңес сессиясының сахнасына алып шыққан суретіміз соңынан ақпарат құралдарында жарияланды, бірқатар кітапта да жарық көрді.
Соның бірі – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекеттік ту бекітілетін кезде суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков әзірлеген, осы күнгі ту жобасының әр бөлшегін депутаттарға түсіндіріп отырған сәті еді. Бұл – «Егемен Қазақстан» газетінің фототілшісі Шүкір Шахай 1992 жылы түсірген, мемлекеттік рәміздердің қабылдану шежіресін баяндайтын еңбектерге, авторлық жинақтарға енген сурет. Көгілдір аспан төсінде, алтын күннің аясында еркін қалықтаған қыран бейнелі Қазақ елінің берекелі болашағын осы кездің өзінде айқын елестете алған Елбасымыз сол күні көк түстің, «көк» сөзінің халық санасында сақталған қасиеттерінен бастап, ел туының ерекше белгілерін ізеуіртті баяндап, байыпты ұғындырғаны ұмытылмастай есте қалды.
Тәуелсіз еліміздің мемлекеттік рәміздерінің әзірлену және қабылдану процесін бастан кешіру бақыты бұйырғаны әлбетте көңілді әркез марқайтып отырады. Тарихтың осынау бір сәтінде – жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінің негізін қалаушы Тұңғыш Президент – Елбасымыздың жанында мемлекеттік тудың суретін алғаш көрсетіп тұрған, отыздың бел ортасындағы бұйра шашы бұрқыраған жігітіңіз біз боламыз десек, әрине сенерсіздер.
Серікқали БАЙМЕНШЕ,
Еуразиялық экономикалық комиссияның бөлім бастығы,
филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның құрметті журналисі
МӘСКЕУ
Тілсіз жау соңғы аптада ғана төрт адамды мерт қылды
Аймақтар • Кеше
Қор нарығынан пайда табуға болады
Экономика • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кішкентай көрермен кімге өкпелейді?
Театр • Кеше
СҚО-да су тасқыны қаупі күшейді
Аймақтар • Кеше
Құтқарушы әйел қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Аймақтар • Кеше
Елордада «Шәмші» мюзиклі көрермен назарына ұсынылды
Театр • Кеше
Футзал: Қазақстан құрамасы көш басына шықты
Футбол • Кеше
Ақтөбе облысының Темір ауданына әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Ұлытау ауданының әкімі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Сегіз облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Жамбыл облысында бірқатар кадрлық тағайындаулар болды
Тағайындау • Кеше
Түркістан облысының денсаулық сақтау саласы көш басында
Медицина • Кеше
Аягөзде аулада тұрған көлік ұрланған
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында жойқын жол апатынан 7 адам қаза тапты (Видео)
Аймақтар • Кеше
Мәжіліс Төрағасы Қырғыз Президентімен кездесті
Парламент • Кеше
Елбасы Қырғыз Республикасының Президентімен кездесті
Елбасы • Кеше
Алматыда өрт қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Қостанайда мұғалімдер мен полицейлерге вакцина егу басталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Тбилисиге тұрақты әуе рейстері қайта ашылады
Қазақстан • Кеше
Атырау облыстық экономикалық тергеу департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
Дәурен Кеңбейіл қаржы вице-министрі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Елордада тілсіз жаумен күрес қалай жүргізілуде?
Аймақтар • Кеше
Ғылыми саланы жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Кеше
Қостанай облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде «Игі істер» марафоны басталды
Аймақтар • Кеше
Сенатта сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Кеше
Ақтөбеде иесіз инженерлік желілер коммуналдық меншікке беріледі
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда кибер шабуылдар күрт артқан
Қоғам • Кеше
Петропавлда жатақханадағы жарылыстан бойжеткен көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
10 наурызда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Кеше
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына - 29 жыл
Қазақстан • Кеше
Алматыда мектептер наурыз айында аралас оқу форматына көшеді
Аймақтар • Кеше
«Дәрмек» республикалық операциясының бірінші кезеңі аяқталды
Аймақтар • Кеше
Adam bol awards жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды
Қоғам • Кеше
Қостанайда карантин бұзғандарға 18 млн теңге айыппұл салынған
Аймақтар • Кеше
Шымкентте мектептерде ыстық тамақпен қамтуға рұқсат жоқ
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жұмыс жүргізілуде
Қазақстан • Кеше
Қазақстан эпидемиялық ахуал бойынша "жасыл" аймаққа оралды
Қазақстан • Кеше
1-5 сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады
Білім • Кеше
Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Жамбыл облысында жұмыспен қамту жалғасуда
Аймақтар • Кеше
Мұнайлыда жылына 250 тонна ет өнімі шығарылады
Аймақтар • Кеше
Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу қойылды
Экология • Кеше
Аула хоккей лигасының V маусымы аяқталды
Спорт • Кеше
Ақмола облысында ауыл мектебіне жаңа автобус табыс етілді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар