Пікір • 04 Маусым, 2020

Рәміздер патриотизмге үндейді

266 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстанды төрткүл дүниеге танытып, еліміздің тәуел­сіздігін әйгілеп тұрған мемлекеттік рәміздеріміз – өтке­німіз бен бүгініміздің және болашағымыздың ара­сын­да­ғы тарихи сабақтастықтың жарқын көрінісі деп бі­ле­мін. Отанымыздың жаңа тарихының қастерлі беттері мем­л­екетіміздің басты нышандары – Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Әнұран, Мемлекеттік Елтаңба қабылданған күн­мен тығыз байланысты.

Рәміздер патриотизмге үндейді

1992 жылы алғаш рет тә­уел­сіз Қазақстанның жаңа мем­ле­­кеттік рәміздері бекі­тіл­­ді. Қа­­зақстанның көк бай­ра­ғы қа­з­ір БҰҰ-ның штаб пәтерінде әлем­­нің өзге мем­ле­кеттерінің тулары­мен бірге желбіреп тұр.

Қазақстан Президенті шетелдерге сапармен барғанда, спорт түрлерінен өтетін түр­лі әлем­дік додалар мен Олим­пия ойындарында спортшыларымыз жеңіс тұғырына көтерілген кезде Мемлекеттік Әнұранымыз шырқалып, Көк Туымыз көкке көтерілгеніне ақпарат құралдары арқылы талай куә болдық. Бұл көріністер рухыңды көтеріп, кеудеңе мақтаныш сезімін ұялатады. Елтаңбамыздың да айбыны ерекше. Оның сипатынан егемен еліміздің шежіресі мен мемлекетіміздің мақсат-мұраты анық аңғарылады

Мен Қостанай облы­сын­да­ғы «Дуслық» татар-башқұрт этно­мәдени бірлестігіне же­тек­шілік етемін. Түрлі мем­лекеттік және тарихи ма­ңыз­­ға ие атаулы мерекелер қар­саңында біз өскелең ұр­пақ­­қа еліміздің басты нышан­дары жайында, олардың пайда болуы, мәні мен қадір-қасиеті ту­ралы әңгімелеп отыруды дәстүрге айналдырдық. Мұн­дай кездесулерде «Мем­ле­кеттік рәміздер» атты де­рек­ті фильм қойылады. Бұл фильм­­­де тәуелсіздігімізді әй­гі­­­лей­­тін Отанымыздың Туы, Ел­­таң­басы, Әнұраны жөнінде жан-жақты баяндалып, рәміз­дер­­дегі ұлттық таным мен салт-дәстүр сипаттарына жан-жақ­ты түсінік беріледі.

Ұрпаққа отаншыл рухтағы тәрбие беру мемлекетімізге, оның тарихына, мемлекеттік рәмі­здеріне, тіліне құрметпен қараудан басталады. Бұл мін­дет­тің күрделілігін Елбасы нақты пайымдап, «...бұл мін­дет білім берудің, мәдениет органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының бар­лық жүйесіне, әрбір отбасына қатысты. Ал оны елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуден, заңды үкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей еткен жөн», дейді. «Дуслық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі құрылған 1995 жылдан бергі ширек ғасыр бойы Елбасымыздың осы сөзін бұлжымас қағида ретінде ұстанып келеді десем, артық айтқандық емес.

Мемлекеттік рәміздер – Қазақстанның өткені мен бү­гі­нін һәм болашағын бай­ла­­ныс­тыратын қасиетті ұғым. Сондықтан әрбір отан­да­сы­­мыздың көк Туымызға, Ел­таң­­бамызға, мем­лекеттік ті­ліміз бен Әнұра­ны­мыз­ға деген құрметі ерекше се­зі­ліп тұруы тиіс. Рәміздер жас­тардың отансүйгіштік сезі­мін оятады, патриотизмге үн­дейді, батылдыққа тәр­бие­­лейді. Қазір көшеде кетіп бара жатқан кез келген баланы тоқтатып, Әнұранды сұрап көріңізші, сайрай жө­не­­леді. Тіпті мемлекеттік тіл­­ді білмейтін баланың өзі Ән­­ұранды жатқа біледі. Бұл жастардың бойында мем­ле­кеттік рәміздерге деген ерек­ше сүйіспеншіліктің, отан­шылдық сезімнің тұнып тұр­ға­нын көрсетеді. Мен осыған қуанамын.

 

Ринад БЕКТЕМИРОВ,

Қостанай облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы