04 Қазан, 2013

Павлодар картобы Якутияға дейін жетті

251 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Осыдан алты-жеті жыл бұрын біздің облысқа картоп пен көкөніс өнімдері ылғи да оңтүстіктен келетін-ді. Жергілікті шаруашылықтар картоп өсіруді қолға ала қоймаған кез еді. Қазір жағдай басқаша, мемлекет қолдауы арқасында облыс шаруашылықтары көкөніс пен картоп өсірудің жаңа технологиясын игеріп, бұл күндері мол табысқа кенелуде. Жергілікті өнім нарыққа еніп, өз орнын тапты, оңтүстік жақтан келетін көкөніс, картоп азайды.

Биыл да облыста астық пен көкөніс өнімдері, картоп мол өнім беруде.

Осыдан алты-жеті жыл бұрын біздің облысқа картоп пен көкөніс өнімдері ылғи да оңтүстіктен келетін-ді. Жергілікті шаруашылықтар картоп өсіруді қолға ала қоймаған кез еді. Қазір жағдай басқаша, мемлекет қолдауы арқасында облыс шаруашылықтары көкөніс пен картоп өсірудің жаңа технологиясын игеріп, бұл күндері мол табысқа кенелуде. Жергілікті өнім нарыққа еніп, өз орнын тапты, оңтүстік жақтан келетін көкөніс, картоп азайды.

Биыл да облыста астық пен көкөніс өнімдері, картоп мол өнім берудеӨңір бойынша 320 мың тонна картоп жиналады деп күтілуде. Бұл – облыс тұрғындары бір жылда тұтынатын мөлшерден 6 есеге көп. Қазір күзгі жиын-теріннің қызған шағы. Облыс орталығында «Павлодар картобы – 2013» атты жәрмеңке өтті. Әр ауданның көкөніс картоп өсірушілері жәрмеңкеге өздері өсірген өнімдерін алып келді. Картоп пен көкөніс түрлері, қарбыз, балдың түрлі сорттары жұртшылық назарына ұсынылып, шаруалар әр өнімнің ерекшеліктерін әңгімелеп берді.

Мәселен, Қашыр ауданының «Түленов», «Песчан асыл тұқымды мал орталығы», «Бөлтекпаев», «Жас нұр» шаруашылықтары 107 гектар жерге егілеген картоптың онға жуық сорттарын алып келіпті. Гектарынан 30-35 тонна өнім жинапты. Қазіргі күні келісін 35 теңгеден сатуда. Ертіс өзенінің жайылмасы көкөніс, картоп өсіруші шаруашылықтар үшін тамаша мүмкіндік. Сонымен қатар, суармалы жерлердің көлемін ұлғайтудың және озық технологияларды қолданудың арқасында жыл сайын өнім көлемі артып келеді. Мемлекет қаржысына қазіргі күні жаңадан су жүйелері салынып, оның тармақтары шаруашылықтардың алқаптарына жеткізілуде. Біздің өңір еліміздің аумағындағы картопты ең көп экспорттаушы болып отыр. Павлодардың картобын Ресейдің Омбы, Түмен, Новосібір қалаларына, тіпті, Якутия, Бурятия елдеріне тасымалдау­да. Бұл жергілікті картоптың халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті екенін көрсетуде. Бүгінгі күнге дейін биылғы жылдың 10 мың тонна картобы сыртқа сатылды. Облыста әлеуеті мықты картоп өсірушілердің каталогы да жасалып қойды. Оны барлық өңірлерге таратуды жоспарлап отыр. Картоп тамақ ретінде ғана емес, мал азығына, медицинада, химиялық салада, парфюмерия­да кеңінен қолданылады екен. Облыста картопты суармалы танаптарда отырғызуға назар аударылуда. Осы жылы өңірдегі суармалы жердің 35 пайызына картоп егіліпті. Тамшылатып суару әдісі арқылы картоп өсіру технологиясында голландық әдісті іске қосқан 20-дан астам шаруашылық бар. Сонымен қатар, көкөніс өсірушілер өнімді делдалсыз жеткізу, экспорт аумағын кеңейтуге байланыс­ты пікірлерін айтуда. Мысалы, «Кеңес-Агро» ШҚ басшысы Қалқаман Омаров сауда желілері өнімді егіс даласынан тиеп алып кететіндей жүйе құрылуы қажет дейді. Бұл дамыған елдерде бар. Нәтижесінде, тұтынушы қолына арзан әрі сапалы картоп тұрақты жетіп тұрады. Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әшімбетовтің айтуынша, алдағы уақытта облыста картоп және көкөніс өсірушілердің жергілікті ассоциациясы құрылады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, кәсіпкерлік және сау­да, Қазақстанның картоп және көкөніс өсірушілері ассоциациясы, сондай-ақ, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ арасында ынтымақтастық туралы төртжақты меморандум да жасалды.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Павлодар облысы.