Аймақтар • 04 Маусым, 2020

Шетел валютасымен ипотекалық несие беру мәселесі Алматыда талқыланды

265 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда «Кейбір заңнамалық актілерге шетел валютасымен ипотекалық несие беру және төлем қызметі нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

Шетел валютасымен ипотекалық несие беру мәселесі Алматыда талқыланды

Осыған байланысты Алматыда журналистермен онлайн режімде жиын өткізген кездескен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев қабылданған түзетулер 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген шетел валютасындағы ипотекалық несиелер бойынша мәселені түпкілікті шешуге мүмкіндік беретінін айтты.

Сондай-ақ Агенттік өкілі  2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда заңнамалық деңгейде несие алуға өтініш бергенге дейін алты ай ішінде кірісті растай алмайтын азаматтарға шетел валютасымен ипотекалық несие беруге тыйым салынғанын, мұндай шешім  болашақта біздің азаматтарымыз үшін валюталық тәуекелдерді жою үшін қабылданғанын айтты.  

Александр Терентьевтің айтуынша, 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша банктерге қарыздарды қайта қаржыландыруға 34118 өтініш берілді, оның ішінде 174,4 млрд теңге сомасындағы 28104 несие, қайта қарау механизмін ескере отырып, 160 сомадағы 26 962 қарыз қайта қаржыландырылды.  Бағдарламаның екінші блогында жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған шетелдік валютадағы ипотекалық несиелерін  Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша теңгемен қайта қаржыландыру қарастырылған.

2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша банктерге шетел валютасындағы ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға 9 597 өтініш беріліп,  оның ішінде  81,7 млрд теңгеге  9045 несие қайта қаржыландыруға мақұлданды, 68,2 млрд теңгеге 7724 несие қайта қаржыландырылды.

«Бағдарламаны іске асырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін Қазақстанның барлық өңірлерінде қарыз алушылардың банктік бағдарлама бойынша несие беруден бас тартуына қатысты шағымдарын қарау жөніндегі комиссиялар жұмыс істейді. Комиссия құрамына Агенттіктің, әкімдіктердің, мүдделі мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің аймақтық өкілдері кіреді», деді Александр Терентьев.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше