Аймақтар • 04 Маусым, 2020

Атырау: Жоғалған жасөспірімдер даладан табылды

572 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл оқыс оқиға Махамбет ауданында тіркеліп отыр. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 2 маусымда Қаңбақты қыстағынан 17 және 18 жастағы жасөспірімдер ұялы телефонмен сөйлесу үшін мобильді байланыс іздестіруге шыққан.  Бірақ, сол күні қыстаққа қайта оралмаған.

Атырау: Жоғалған жасөспірімдер даладан табылды

–Қаңбақты қыстағы Махамбет ауданының орталығынан 65 шақырым қашықта орналасқан. Бастапқыда оларды туыстары  іздестіріп, таба алмаған. Содан соң, 3 маусымда Төтенше жағдайлар департаментіне хабар берген. Жоғалған жасөспірімдерді іздеуге 4 қызметкер жіберілді, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Алайда, құтқарушылар қыстаққа келгенге дейін туыстары екі жасөспірімді іздеуді тоқтатпай, қздері тауып алыпты. Олардың айтуынша, жоғалған жасөспірімдер далада ыстықтан қорғану үшін иесіз жатқан автокөліктің көлеңкесіне тығылыпты. Шаршаған болуы керек, олар жерде ұйықтап қалған екен.

 

Атырау

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше