Аймақтар • 04 Маусым, 2020

Нұр-Сұлтан: Жер үйде газ баллоны жарылып, өрт шықты

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Нұр-Сұлтан: Жер үйде газ баллоны жарылып, өрт шықты

«Бүгін сағат 17.47 уақытында «101» пультіне Жангелдин көшесі, 31/4 мекенжайындағы жер үйден өрттің шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері оқиға орнына 4 минутта жетті. Өрт сөндірушілер келген кезде қызыл жалын едәуір үдеп кеткен еді. Белгілі болғандай, газ баллоны жарылып, артынша тілсіз жау сол үйдің жанындағы коттеджді де шарпып кеткен» деп хабарлайды департаменттен.