Спорт • 04 Маусым, 2020

World Athletics Токио олимпиадасына іріктеу кезеңнің ережесін жариялады

68 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

World Athletics Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына олимпиадалық іріктеу ережесін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz.

World Athletics Токио олимпиадасына іріктеу кезеңнің ережесін жариялады

Олимпиада 2021 жылға кейінге шегерілуіне байланысты іріктеу ережесіне өзгеріс енгізілген. Десе де,  Олимпиадалық іріктеу бойынша негізгі қағида – белгілі нормативтер бойынша іріктеу өзгеріссіз қалған. Сонымен қатар, әлемдік рейтинг бойынша да ережеге жаңартулар енгізілмеген. 2019 жылыдың іріктеу маусымында белгілі нормавтив орындаған спортшылардың нәтижесі сол бойынша сақталады. Ал 2020 жылдың 6 сәуірі мен 30 қарашасы аралығындағы квалификациялық кезең уақытша тоқтатылады.

Жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда:            

- 2001 жылы және оған дейін туған спортышлар;            

2002 немесе 2003 жылы туған спортшылар;            

- 2004-2005 жылы туған жас спортшылар (U18);           

  - 2006 жылы туған 16 жастан кіші спортшыларды енді Олимпиадада көруге болады.

Сондай-ақ, нормативтерді орындау үшін жаңа квалификациялық кезең мен әлемдік рейтинг жаңаратын кезеңнің жаңа нұсқасы жарияланды.

Жолдама 2019 жылы Дохада жеңіл атлетикадан өткен IAAF әлем чемпионатында марафон бойынша үздік ондыққа енген әйелдер мен ерлерге үлестіріледі. Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 қаңтары мен 5 сәуірі аралығында өткен World Athletics Gold Label марафонының алғашқы бес үздігі, Major Series (Токио, Бостон, Лондон, Берлин, Чикаго және Нью-Йорк) марафонының үздік он спортшыларына беріледі.

World Athletics 1 маусым күні жеңіл атлеттердің әлемдік рейтингі мен Олимпиада ойындарына іріктелген спортшылар тізімін жариялайды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше