Тағайындау • 05 Маусым, 2020

«Жетісу» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды

736 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың шешімімен белгілі тележурналист, публицист, зерттеуші Серік Әбікенұлы Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы «Жетісу» телеарнасының баспасөз қызметі Facebook парақшасында жариялады.

«Жетісу» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды

 

«Серік Әбікенұлы Сарыбай «НТК», «31 арна» секілді телекомпанияларда бас редактор, директордың Орынбасары қызметтерін атқарған. Тележурналистикадағы еңбек жолын 1998 жылы «Телефабрика» серіктестігінде бастап, «Анау-мынау», «Айтпақшы» бағдарламаларын шығаруға атсалысқан. 2000-2003 жылдар аралығында «Оңтүстік астана» телеарнасында бас редакторлық қызметте жүріп, «Сойыл» атты тұңғыш тележобасын жарыққа шығарды. «31 арнаның» «Информбюро» жаңалықтар қызметінде 6 жыл жетекшілік етіп, осы арнада «Тарих безбені», «Тұжырым», «… кім?», «Ел сойылы» сынды жобаларды елге ұсынды. «Тілсақшысы», «Пікірлер пирамидасы», «Тарих таразысы», «Тағдыр мен тұлға», «Монолог», «Болмыс», «Тыңдашы, айналайын» бағдарламалары «Қазақ хандығына – 550 жыл» 40 сериялы деректі циклінің және тағы басқа көптеген хабарлардың авторы. 2014 жылдан осы күнге дейін «Жетісу» телеарнасы директорының бірінші орынбасары болды.

Аймақтық арнаның жаңа басшысын ұжымға облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов таныстырды», - делінген жазбада.

Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024