– Атырау қаласында таңертеңгі сағат 8:42-де «ПромГаз» ЖШС-нің Атамбаев көшесінде орналасқан газ стансасы аумағында жарылыс орын алды. Оған газ құю кезінде газдың шығуы себеп болған. Сол сәтте «Форд» маркалы автоцистерналы көліктің кабинасы жалынға оранды. Жарылыс кезінде 60-70 метр қашықта тұрған ғимарат қирады, -деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, жарылыстан әр түрлі дәрежеде күйік алған төрт адам ауруханаға жеткізілді. Олар –Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі мен өрт сөндірушісі, сондай-ақ, газ тасымалдаушы көліктің жүргізушісі және жанар-жағар май құюшы.
– Өрт сағат 9:58-де толықтай сөндірілді. Жалынды сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 25 қызметкері мен 4 техника жұмылдырылды, - деді баспасөз қызметінен.