04 Қазан, 2013

Полигон аумағы қаншалықты қауіпті?

440 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Семей ядролық сынақ полигонының анықталған экологиялық қауіпсіз жерлерін ресмилендіру қажет, дейді курчатовтық ғалымдар. Полигон басталмастан бұрын бөлінген 18,5 мың шаршы шақырым жер – тым үлкен аумақ. Сондықтан да оның біраз бөлігі ауыл шаруашылығына қайтарылуы тиіс.

– Әуелде ұйымдастырушылар сынақ полигонын жасау үшін қанша шақырым жер қажеттігін нақты білген жоқ, – дейді Ұлттық ядролық орталықтың радиациялық қауіпсіздік және экология институтының директоры Сергей Лукашенко, – сондықтан полигон үшін көлемді жер сұралған. Ал КСРО-да жер жетеді. Қазақ жерінің қомақты бөлігі беріле салған. Ал АҚШ-тың Невадасында полигон анағұрлым Семей полигонынан анағұрлым аз жер бөлінген.

Ал қазір уақыт басқа. Бос тұрған жерлерді не істеу керек? Енді алдағы уақытта бұл жерлерде сынақтар мүлде болмайды. Сондықтан да әу баста бос есепке алынған жерлер ауыл шаруашылығына радиациялық қауіпсіздігі толық есепке алынған соң қайтарылуы тиіс, дейді ғалымдар бірауыздан. Сергей Лукашенконың айтуынша, бүгінде 5250 шаршы шақырым полигон жері зерттелген. Оның 3000-ы ауыл шаруашылығына жарамды деп танылған. ҰЯО ғалымдары зерттеп, бекіткен бұл ауданды МАГАТЭ өкілдері келіп тағы бір мәрте тексереді. Қазір полигонда бір топ зерттеуші жүр. Олар ҰЯО ғалымдарының шетелдік полигондардан әкелген зерттемелерін тексермек.

– Әрине, қарапайым халық радиациядан әбден қорқып қалған, – дейді Сергей Лукашенко. – Олар полигон аумағы аяқ астынан қалай таза болып шықты деп күмән білдіреді. Мен айтар едім, бұл жерлер әу баста былғанбаған. Сондықтан да таза. Жер өте көп берілгендіктен, бұл жерлерге радиациялық жаңбыр жауып, радиациялық боран соқпаған.

Бірақ, шын мәнінде қауіпті жерлер де бар екен. Онда радиация өте жоғары көрінеді. Мәселен, Шаған өзенінің 10-шы шақырымы. Бұл тұс полигон аумағына жақын орналасқанымен, сонау 1947 жылдан бері ресми түрде оған енгізілмепті. Сондықтан адамдар, қайдан білсін, қауіпті жерде бүгінде мал өсіріп отырса керек. Радиацияланған суды ішіп, радиация алған малдың етін жейді. Осы себепті бұрынғы полигон аумағы ресмилендірілуі тиіс.

– Біз ғалым ретінде зерттейміз, бірақ жердің, полигон аумағының нақты қожайыны емеспіз. Алдағы уақытта әлемнің қызығушылығы Семей полигонына шынымен арта түспек, –дейді «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының вице-президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі, атом саласының еңбек сіңірген қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері Сұлтан Картоев. – Қазірдің өзінде саяси қайраткерлер, дипломаттар, зерттеуші ғалымдар легі толастамауда. Енді БҰҰ-ның 26 степендиатынан тұратын топ келмекші.

Тіпті, бұрынғы полигонды жай жүрген туристер де келіп көреді екен. Сергей Лукашенконың айтуынша, жыл сайын 20-30 шақты осындай туристер тобы пайда келіп-кететін көрінеді. Берілген нұсқаулықтар бойынша, олар сынақ полигонының рұхсат етілген жерлерімен ғана жүрулері тиіс.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

Семей.

Суретте: Ұлттық ядролық орталықтың радиациялық қауіпсіздік және экология институтының директоры Сергей ЛУКАШЕНКО.

Суретті түсірген автор.