Қазақстан • 07 Маусым, 2020

Қазақстан ОПЕК+ жаңа шешімін қолдады

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенбііде ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің кездесуі өтті, оған Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қатысты,- деп хабарлайды ЭМ баспасөз қызметі.

Қазақстан ОПЕК+ жаңа шешімін қолдады

Ноғаев атап өткендей, ағымдағы келісім әлемдік мұнай индустриясына оң әсер етіп, қойма тауар іркілуі болмағанын, ол өз кезегінде мұнайдың әлемдік бағасының өсуіне серпін бергенін атап өтті.

Кездесу барысында тараптар мұнай өндіру көлемін тәулігіне 9,7 млн баррель деңгейінде қысқартуды шілде айының соңына дейін ұзартуға шешім қабылдады.

Қазақстан тарабы бұл шешімге қолдау білдірді.