Коронавирус • 08 Маусым, 2020

Әлемде вирус жұқтырғандар саны 7 млн-нан асты

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Johns Hopkins университетінің коронавирусты зерттеу орталығы бүгін дүниежүзінде 7 026 732 адамның вирус жұқтырғанын мәлімдеді.

Әлемде вирус жұқтырғандар саны 7 млн-нан асты

Науқастардың 2 миллионға жуығы АҚШ азаматы. Жалпы елде 500 мыңнан астам адам індеттен айыққан болса, 110 мыңнан астамы қайтыс болған.

Covid-19 кең тараған келесі бір ел Бразилия болып тұр, онда 700 мыңға жуық тұрғын індет жұқтырған. Соңғы мәліметке сенсек, қайтыс болған науқастар саны бойынша да Бразилия алда келеді.

Вирус ең көп тараған үштікке Ресей де кіреді. Көршілес елде вирус жұқтырғандар саны 500 мыңға жуықтады. Соның тең жартысы індеттен айықса, 6 мыңға жуық адам қайтыс болған. Ресей 24 маусым күні жеңіс шеруін өткізуді жоспарлап отыр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шақыруды қабыл алғанын айтқан еді. Сондай-ақ бүгін қазақстандық әскерилердің Мәскеуде өтетін шеруге дайындалып жатқаны хабарланған.

Жалпы дүниежүзінде коронавирус жұқтырғандардың 3 миллионнан астамы айығып, 400 мыңнан астамы қайтыс болған.