Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше қатыгез тұрғын көршінің итін ауыл шаруашылығы құралымен аяусыз ұрған. Ауыр соққыдан жеті қазынаның біріне баланған ит өліп қалды.
Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері осы оқиғаның жағымсыз кейіпкеріне айналған қылмыстық құқық бұзушыны ұстады. Үй жануарына қатыгездік танытып, өліміне себепші болған тұрғын уақытша оқшаулау орнына қамауға алынды. Енді полицейлер жинақталған іс-құжаттарды қысқа мерзімде сотқа жолдауға бекініп отыр.