Аймақтар • 11 Маусым, 2020

СҚО-да көлік жүргізушісі жас жігітті қағып кетті

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СҚО М.Жұмабаев ауданының Полудино селосының маңында, өткен түнде белгісіз көлік осы ауылдың 2002 жылы туған тұрғынын соғып кетіп, ізін жасырған. Куәгерлердің көмегімен ауруханаға жеткізілген жас азамат орталық ауруханада алған жарақатының салдарынан көз жұмды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да көлік жүргізушісі жас жігітті қағып кетті

Қазір ауданда облыстық криминалдық полицияның қызметкерлері қылмыскерді іздестіру шараларын жүргізуде. Оның үстінен ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдіктіні табуға жергілікті полиция қызметі басқармасының іздестіру тобы мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де жұмылдырылған. Барлық автокөлік құралдары мен олардың иелерін тексеру, куәгерлер мен көрген адамдарды анықтау бойынша жіті жұмыстар жүргізіліп, сыртқы бейнебақылау камераларындағы жазбалар да зерделенуде.

"Қазір ЖКО-ға кінәліні анықтауға көмегін тигізетін кез келген ақпарат біз үшін маңызды болып отыр. Егер ауыл тұрғындары, жақын маңдағы елді мекендердің адамдары  сол түні осы маңнан өткен жүргізушілер қандай да бір ақпарат білген болса, Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне хабарласуын өтінеміз", - дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Петр Климов.

Қылмысты ашу жөніндегі жұмыс СҚО Полиция департаменті және облыстық прокуратура басшылығының бақылауына алынды.

 

Солтүстік Қазақстан облысы