Аймақтар • 11 Маусым, 2020

Қызылордада стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылары бүгіннен іске қосылады

545 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлама таратты. Онда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала орталығында орнатылған стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылары 11 маусым 20:00 сағаттан бастап жұмыс істейтіні айтылған, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылары бүгіннен іске қосылады

Бүгіннен бастап  Н.Назарбаев даңғылының Заводская  көшесімен қиылысатын тұсында,  Тәуелсіздік даңғылы бойындағы Ғ.Мұратбаев көшесінен келетін көпір астында,  осы даңғылдағы Арай шағын ауданы №2 үй маңында, Яссауи  мен Ғ.Мүсірепов көшелері қиылысында және  Бейбарыс сұлтан көшесіндегі №9 көп қабатты үй жанында орнатылған құрылғылар іске қосылады.  Олардың алдына ескерту белгілері қойылды. Қалған 8 құрылғы кезең-кезеңімен іске қосылады.

Департамент осыған байланысты жүргізушілерден жол жүру ережелерін бұзбауды, жылдамдық режимін сақтауды және ескерту белгілеріне назар аударуды сұрайды.

 

Қызылорда облысы