Елімізде ең алғашқы Сovid-19 індетін жұқтырған адамның Алматыдан табылғанына бүгін-ертең тура үш ай толмақ. Осы аралықта 2 млн-ға жуық халқы бар мегаполис қана емес, бүкіл еліміз бұрын-соңды болмаған сынақты бастан кешірді.

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»
Осы аралықта шаһардың әлеуметтік өміріндегі өзгерістерді айтпағанда, төтенше жағдай мен карантиндік шаралар кезінде қала экономикасы 9,2 пайызға төмендеді. Алматы экономикасының шығыны шамамен 100 млрд теңге болатынын қала әкімінің өзі ресми түрде мәлімдеді. Мұның бәрі – мәселенің бір қыры, салдары ғана. Ал денсаулық ше, осы аралықта індет жұқтырғандар, жұқтырып жатқандар, жазылғандар мен көз жұмғандар ше?
Дәл осы жолдар жазылып жатқанда да Алматыда індетке душар болғандар саны 2957-ге жетіп жығылғаны жөнінде ақпараттар дәйектеліп жатыр. Демек, коронавирустық инфекция жұқтыруда «көшбасшылықты» қайтарып алған Алматыда пандемия ауыздықталды деп айтуға әлі де ерте.
Осы арада бір мәселеге тоқтала кеткен жөн, оқырман есінде болса, төтенше жағдай кезінде мегаполистің медицина саласында да бірқатар түйткіл пайда болды. Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы індет жұқтырғандармен байланыста болғандықтан кабинетінде түнеуге мәжбүр болғанын БАҚ өкілдері ұмытқан жоқ.
Сонымен сәуір айының жиырмаларында желдей ескен бейресми ақпараттар шындыққа айналып, оның орнына оған дейін Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымды қызметін атқарған Камалжан Надыров келді.
Алайда К.Надыров та жаңа қызметіне кіріспей жатып, коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жуырда дертінен сауыққан Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының жаңа басшысы 8 маусымда ғана журналистермен алғашқы онлайн-брифингін өткізді.
Суретті түсірген Ерлан Омар, EQ
Ол қаладағы КВИ жағдайы тұрақталғанымен бірқатар шараны қабылдауға мәжбүр болып отырғанын жасырған жоқ. Онлайн-брифингте: «Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін сақтандыру деңгейін күшейту жөнінде тапсырма берген болатын. Қазіргі жағдайды ескере отырып, медициналық ұйымдардың ішінде инфекциялық бақылауды күшейту үшін жақын арада қаланың барлық стационарында бас дәрігердің инфекциялық бақылау жөніндегі орынбасары лауазымы енгізіледі. Бұл госпитальдық эпидемиологтердің мәртебесін көтеруге, білікті мамандарды тартуға және сол арқылы стационарларда тиісті инфекциялық бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. МСАК ұйымдарында инфекционистерге қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін айрықша өкілеттіктер берілетін болады», деді.
Ал Алматының бас санитарлық мемлекеттік дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы эпидемиялық жағдай туралы есеп бере отырып: «Індетке шалдығу Алматының барлық ауданында тіркеліп жатыр. Жалпы Қазақстанның басқа өңірлері мен шетелдерден 107 адам індет әкелді. Оның ішінде шетелдік рейстермен 66 жағдай ілесіп келді. Алматыға сырттан әкелінген КВИ 3,7 пайызды құрайды. Індет жұқтырғандармен байланыста болғандардың арасынан 1678 адамнан ауру табылды. Алматыдағы індет жұқтырудың ең жоғары көрсеткіші 30 мамырда тіркеліп, жалпы алматылықтарға шаққанда 4,6 пайыз болды», дейді.
Алматының бас санитары өз еркімен тест тапсырып жатқандардың артқанын атады. Мәселен, 3-10 маусым аралығында коронавирусқа шалдыққаны анықталған 491 оқиғаның 248-і симптомсыз пациенттер. Ж.Бекшин ауру белгілерінсіз ауырып жүргендердің көбеюін қаладағы карантиндік шаралардың босаңсып, бірқатар мекеме мен қоғамдық орынның қызметіне қайта кіріскенімен байланыстырып отыр. Өйткені қайта жұмыс істей бастаған кәсіпорындар, дәмханалар мен ірі сауда орындарында карантин режімін бұзу көптеп анықталып отыр.
«Ал статистиканың өскенінен қорықпауға болады. Бұл – тұрғындарды кең көлемде тестілеудің нәтижесі. Осы уақытқа дейін 155 мыңнан аса ПТР-тест, 27 мың жедел-тест жасалды. Ал профилактикалық тексеру кезінде 997 оқиға тіркелді. Оның ішінде медицина, әскери және әлеуметтік сала қызметкерлері бар», дейді Ж.Бекшин. Оның бағалауынша, қаладағы санитарлық-эпидемиялық жағдай тұрақты.
Өз кезегінде Алматының бас санитарлық дәрігері коронавирус жұқтыру қаупі жоғары үш топты атады: «Біз қаладағы барлық осал мекемелер мен нысандарды анықтадық. Бұл – бірінші кезекте, әрине медицина қызметкерлері. Осы мақсатта медицина қызметкерлері мен олардың пациенттері арасында 78 мыңнан аса профилактикалық зерттеулер жүргізілгенде, 950 адамның індет жұқтырғаны белгілі болды. Екінші кезекте әскери контингентке назар аударылады. Өйткені олар казармалық режімде өмір сүріп жатқандықтан, жұқтыру қаупі де жоғары болатыны белгілі. Үшінші осал топ – бұлар медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері. Бұл үш топ та қаланың эпидемиялық-санитарлық қызметінің назарында тұр» деді.
Қысқасы, Алматыда әлі де індет толық ауыздықталмағандықтан, жұқтыру жалғаса берсе, карантиндік шаралар қайта күшіне енуі мүмкін бе деген сауалдың туатыны анық. Бұл мәселеге қатысты Алматының бас санитары былай деп жауап берді: «Карантиндік режімге өткеннен кейін біз инфекция белең алмауы үшін қала тұрғындарынан сақтық шараларының қадағалауын талап етіп келеміз. Бұл соншалықты қиын емес қой. Егер вирус жұқтырғандар саны әрі қарай тіркеле беретін болса, біз сақтық шараларын қайта қараймыз және ескертуді жалғастырамыз», дейді. Сондай-ақ ол көптеген елде аса қатаң қадамдар арқылы жағдайдың реттелгенін қаперге сала отырып: «Біздің тарапымыздан да шаралар қолданылуда. Біз қызметтің барлық бағыттары – сауда, тамақтану, білім, өнеркәсіп және құрылыс, мәдениет және спорт бойынша қажетті нұсқаулықтарды жасадық. Біз әкімшіліктің өзі және осы ұйымдарда жұмыс істейтін адамдардың өздерін, отбасы мүшелерін және басқаларды қорғауға мүмкіндік беретін нұсқаулықтар әзірледік», дейді Ж.Бекшин.
Айналып келгенде, шаруасы шаш етектен Алматыда қандай да келелі мәселе қозғалса, оның бір ұшы міндетті түрде жаһанды жайлаған пандемияға, індетті таратпауға барып тірелмек. Егер шаһар басшысы күн сайын екі мәлімдеме жасаса, бірі індетке қатысты болып келеді. Мәселен, осы сәттерде де қала әкімі Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлерді санитарлық ережелерді бұзбауға үндепті. Шаһар басшысы өзінің әлеуметтік парақшасында эпидемиялық жағдай тұрақталған соң өндіріс, құрылыс, сауда мен қызмет көрсету орындары жұмыстарын кезең-кезеңмен жандандыра бастағанын еске сала отырып: «Басты талап – санитарлық нормаларды сақтау. Оның өзі қиын емес, яғни санитайзер, қорғаныс бетпердесі, қолғап пен әлеуметтік қашықтық. Егер ірі кәсіпорындар өз жұмысын тексеруден кейін бастаса, шағын бизнес саласына рұқсат хабарлама принципі бойынша берілді. Бұл ретте жауапкершілік жүгі кәсіпкерге жүктелді», деп жазады. Өйткені іс жүзінде жауапкершілік пен оның маңызын түсінетіндер көп емес. Құзырлы орындар тексере келгенде 2,4 мыңға жуық субъектінің 138-інде заңбұзушылық анықталды. Кейбіреуінің қызметін тоқтатуға тура келген.
– Кәсіпкерлік қауымдастық өкілдерінен өтініп сұрарым, қызмет түріне қарамастан, белгіленген нормаларды ұстану керек. Егер қауіпті індеттің қайта өршуіне жол берсек, қаланың тыныс-тіршілігіне ауыр соққы болары анық. Бір-бірімізді қолдайық! – дейді Алматы қаласының әкімі.
АЛМАТЫ
Электронды сауда-саттық қайтсе дамиды?
Экономика • Бүгін, 22:41
Мемлекеттік қызметте әйелдердің үлесі қанша?
Қоғам • Бүгін, 21:36
Пандемия гүл нарығына әсер етті
Қазақстан • Бүгін, 21:00
Қаржы • Бүгін, 20:13
Қостанайлық полицей сыныптасын атып өлтірді
Аймақтар • Бүгін, 19:42
Юлия Галышева: Енді менде алтын да, күміс те, қола да бар
Спорт • Бүгін, 19:04
400 мыңнан астам ақмолалық электронды-цифрлық қолтаңба алды
Аймақтар • Бүгін, 18:42
Түркістанда облыс басшылығы жас аналар мен дәрігерлерді мерейлі мерекемен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 17:59
Қаржы • Бүгін, 17:30
Түркістан облысында мереке қарсаңында үшем дүниеге келді
Аймақтар • Бүгін, 16:10
Алтай Көлгінов әйелдер күні мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Бүгін, 15:38
Атырауда базарлар мен сауда үйлері күн сайын жұмыс істейді
Аймақтар • Бүгін, 15:29
Низами Ганжәуиге арналған веб-конференция өтеді
Қазақстан • Бүгін, 15:05
Гендерлік теңдік жолында Қазақстанның өз тәжірибесі бар
Қоғам • Бүгін, 14:49
Полиция қатарында 11 мың қыз-келіншек қызмет етеді - Ішкі істер министрі
Қазақстан • Бүгін, 14:00
Президенттің таңғы серуендегі фотосы жарияланды
Президент • Бүгін, 13:25
Атырауда бір сыныпта 25 оқушының сабаққа қатысуына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 13:10
Қызылордада Қажымұқан турнирі өтті
Спорт • Бүгін, 12:40
Шымкент қаласының әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Нұрлан Нығматулин 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Бүгін, 12:00
Қостанайда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталығы ашылады
Аймақтар • Бүгін, 11:35
«Маттео Пеликоне»: Қазақстан үш алтын жеңіп алды
Күрес • Бүгін, 11:05
Мәулен Әшімбаев нәзік жандыларды мерекемен құттықтады
Қазақстан • Бүгін, 10:44
Елімізде коронавируспен ауырған 238 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:30
Қазақстанда 480 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:55
Асқар Мамин қазақстандық әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Бүгін, 09:25
Мемлекет басшысы әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:10
Халықаралық әйелдер күніне орай гала-концерт өтті
Өнер • Бүгін, 09:01
10 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысының әкімі 100 жастан асқан әжелерді құттықтады
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда стоматологиялық клиникаға шабуыл жасады
Аймақтар • Кеше
Қазақстанның қай аймақтарында жолдар ашылды
Аймақтар • Кеше
Елордалық спортшылар қарттар үйіндегі аналарды құттықтады
Аймақтар • Кеше
Шымкентте тәртіп бұзған қоғамдық тамақтану орындары анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда шағын несие кеңсесінен 400 мың теңгені тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналардың 5 қабаттан құлағаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Қызылордада 1000 отбасыға азық-түлік себеті таратылды
Аймақтар • Кеше
Атыраулық оқушы АҚШ университетінің грантын иеленді
Аймақтар • Кеше
Шетелден 307 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Кеше
Спорт • Кеше
Қостанай қазақ театры көрермендерімен қайта қауышты
Аймақтар • Кеше
Жансай Смағұлов күміс медальді иеленді
Спорт • Кеше
Пневмонияның 52 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Кеше
Елімізде 568 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Кеше
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Елімізде алғаш рет «Домалақ ана» операсы сахналанды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
ШҚО аумағында шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтанда 2000 мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеті табысталады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
СҚО полициясында 374 қыз-келіншек қызмет атқарады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан суперкубогын жеңіп алды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Қазақстандық шорт-трекшілер әлем чемпионатында жартылай финалға шықты
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Алматының ортасындағы көше опырылып қалды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Елорда базарларында жұмыс істейтін әйелдерге еріктілер 600 гүл таратады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Теңіз кенішіндегі бес автобус өртінің себебі анықталды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Боксшылар әзірге төрт қола алды, тағы екеуі финалда
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Тараз қаласында 135 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Жансай Смағұлов жүлдеге таласады
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Экология министрлігі Қарағандыдағы арыстан жөнінде пікір білдірді
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
8 наурыз күні хоккейден балалар турнирі өтеді
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Елорданың Достық үйінде 8 наурызға орай қайырымдылық акциясы өтті
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Оралдық магистранттар қазақ әдебиетін оқиды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • 06 Наурыз, 2021
Қазақстан мен Қырғызстан «Қордай», «Ақ жол» өткізу бекеттерінің ашылуын талқылады
Қазақстан • 06 Наурыз, 2021
Қазақстанның қай өңірлері «сары» аймақта тұр
Қазақстан • 06 Наурыз, 2021
Ұқсас жаңалықтар