Жергілікті Saryarqa телеарнасының тікелей эфирінде өткен брифинг барысында Қарағанды облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайын өңірдегі сан-салалы қоғамдық-саяси өмірдің тыныс-тірлігіне кеңінен шолу жасап, БАҚ өкілдерінің түрлі сұрақтарына да толыққанды жауап берді, – деп хабарлайды Egemen.kz.

“Биылғы жыл маңызды даталарға толы. Бұлардың қатарында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы, әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, Нығмет Нұрмақовтың 125 жылдығы сынды мерейтойлар бар”, – деп атап өтті басқарма басшысы.
Әлбетте, облыстың тыныс-тіршілігіне коронавирус індетінің өзгерістер енгізгені белгілі. Мәселен, көптеген іс-шаралар, атап айтқанда, челлендждер, дөңгелек үстелдер, конференциялар және басқа да толып жатқан кездесулер мен талқылаулар қашықтықты сақтай отырып өткізілді. Бұлардың басым көпшілігі Наурыз мейрамына, Қазақстан халқының бірлігі күніне, Жеңіс күніне, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне, Мемлекеттік рәміздер күніне орайластырылған еді. Сонымен қатар, Ерлан Құсайын ақпараттық топтар жұмысының да онлайн-форматқа ауыстырылғанын мәлім етті.
Қазіргі таңда облыста “Рухани жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асыруға айрықша мән берілген. Алға қойылған міндеттер де айқын. Мысалы, 2020 жылы жүзеге асырылуы тиіс жобалардың жоспарына 132 ірі іс-шара енгізілген. Ал, ауқымды түрде алынған жоспарда 500-ден астам түрлі мазмұндағы іс-шаралар қарастырылыпты. Күн тәртібінде тұрған осы шаруалар турасында айта келіп, Ерлан Құсайын биыл қолға алынатын Ұлытау ауданындағы Жошы хан тарихи кешенінің жаңғыртылуы, Қарағанды қаласында “Қасым үйін” ашу сынды бірқатар ілкімді жобаның маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ алдағы уақытта ғалымдар мен тарихшылардың, әлеуметтанушылардың және саясаттанушылардың қатысуымен жүргізілетін зерттеулерге ерекше көңіл бөлінетіндігі айтылды. Жалпы, Ерлан Құсайын аталған бағдарламаның біріктіруші ретіндегі рөліне баса назар аударылуы керектігін ерекше атап өтті. Бұл бағыттағы бірқатар жобалардың онлайн режімде жүзеге асырылатыны да айтылды.
Бір ғана Қарағанды облысының өзінде мыңнан астам үкіметтік емес ұйым бар екен. Қазіргі таңда олар өңірдегі қоғамдық өмірге белсенді түрде араласып, жергілікті атқарушы органдармен тізе біріктіріп, маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге, жастарды рухани, адамгершілік және азаматтық құндылықтарға баулуға ат салысуда.
“Облыс бойынша 1300 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олар қоғамдық өмірдің түрлі салаларын қамти отырып, 16 бағыт бойынша жұмыс істейді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс артқан. Облыс әкімдігі жанында ҮЕҰ-мен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Отырыстардың бірінде еріктілер қозғалысын дамыту мәселелері талқыланды. Кеңес құрамы биыл жаңартылып, оған ҮЕҰ-ның 25 басшысы енді», - деді Ерлан Құсайын.
Брифинг барысында этномәдени бірлестіктердің қоғамдағы рөлі туралы да салиқалы әңгіме қозғалды. Бұл бағыта Ерлан Құсайын ішкі тұрақтылықтың дамудың басты кепілі екендігін ерекше атап өтті.
Басқарма басшысы медиацияны дамытуға және қоғамдық медиаторлардың әлеуетін күшейтуге де көп көңіл бөлінетінін хабардар етті. Сонымен қатар, ол жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне тоқталды. Бүгінде олардың саны 200-ден асқан. Бұған қоса, бүгінгі таңда облыста 19 ақпараттық-насихат тобы жүйелі түрде жұмыс істейді.
Ерлан Құсайын журналистер қауымының коронавирус пандемиясы туындатқан қиыншылықтарға қарамастан табандылықпен жұмыс істеп, эпидемиологиялық жағдай, қауіпсіздік шаралары және мемлекеттік қолдау туралы ақпарат ағынын қолжетімді етуге тырысқан еңбегіне лайықты баға берді.
Басқарма басшысы соңғы үш айдың өзінде тікелей эфирде облыс әкімі мен оның орынбасарлары, облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері және басқарма басшылары қатысқан 46 брифинг ұйымдастырылған хабардар етті.
Брифингтің соңында Ерлан Құсайын облыс тұрғындарын санитарлық-карантиндік ережелерді қатаң сақтап, дәрігерлер мен эпидемиологтардың ақыл-кеңесіне ынтамен құлақ түруге шақырды.
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Бүгін, 09:58
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:26
Түркістанда 5 адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 09:25
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:17
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • 26 Ақпан, 2021
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • 26 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • 26 Ақпан, 2021
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан биржалық крипто-айналымның 1% -ын өзінің биржаларына аударуды жоспарлап отыр
Қаржы • 26 Ақпан, 2021
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • 26 Ақпан, 2021
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • 26 Ақпан, 2021
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • 26 Ақпан, 2021
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • 26 Ақпан, 2021
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда жастарды жұмыспен қамтуға арналған меморандум жасалды
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
«Астана» велокомандасы Франциядағы жарысқа қатысатын спортшылар тізімін бекітті
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар