Спорт • 12 Маусым, 2020

Майкл Фелпс – ХХІ ғасырдың үздігі

498 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испанияның әйгілі Marca басылымы ХХІ ғасырдың ең үздік спортшыларының рейтингін жариялады. Теңдессіздер көшін АҚШ-тың даңқты жүзушісі Майкл Фелпс бастап тұр,- деп жазады Egemen.kz

Майкл Фелпс  –  ХХІ ғасырдың үздігі

Расында да, айтулы спортшының табысына тамсанбау мүмкін емес. Санаулы күндерден кейін 35 жасқа толғалы отырған Майкл Фелпс жүзуден 23 дүркін Олимпия ойындарының жеңімпазы (13 рет жеке сайыста+10 рет эстафетада) атанып, 26 рет әлем чемпионаттарында алдына жан салмады. Барлық жүлделерін есептейтін болсақ, америкалық саңлақ Олимпиадада 28 және дүниежүзілік додада 33 реттен жеңіс тұғырына көтерілді. Сонымен қатар, Фелпс көптеген әлемдік рекордттарды жаңартты.

 

Ал «ТОП-10» спортшының толық тізімі мынадай:     

  • Майкл Фелпс (жүзу)
  • Усэйн Болт (жүгіру)
  • Роджер Федерер (теннис)
  • Рафаэль Надаль (теннис)
  • Коби Брайант (баскетбол)
  • Тайгер Вудс (гольф)
  • Лионель Месси (футбол)
  • Льюис Хэмилтон (автожарыс)
  • Валентино Росси (мотожарыс)
  • Криштиану Роналду (футбол).