Елорда • 15 Маусым, 2020

Елордада Red Bus экскурсиялық автобустары жүре бастады

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әрбір айналымнан соң автобус іші кварцталып, арнайы дезинфекция құралдарымен өңделеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Елордада Red Bus экскурсиялық автобустары жүре бастады

"Red Bus экскурсиялық автобустары өз жұмысын бастағанын қуана хабарлаймыз! Біз аудиогидімізді жаңартып, қосымша жаңа бағыт – Есіл өзенінің жағалауын қостық.

Қауіпсіздік мақсатында әр айналым сайын автобус кварцталып, арнайы дезинфекция құралдарымен өңделеді. Салонда қолды тазарту үшін антисептик орнатылған және әр адамға бір реттік құлаққаптар беріледі. Барлық жолаушылар экскурсия барысында автобус ішінде маска тағып отыруы керек.

"Елорда бойынша қауіпсіз экскурсияға шақырамыз! Сіз қаланың тарихымен танысып, Нұр-Сұлтанның ең көрікті орындарын тамашалайсыз", – дейді компания өкілдері.

Red Bus күн сайын, демалыссыз жұмыс жасайды. Жөнелту орны – "Есіл өзенінің жағалауы" аялдамасы, 10:00, 12:50, 15:20 және 18:10.

Біздің аялдамаларымыз: Есіл өзенінің жағалауы

"Хан-Шатыр" СОО

"Мәңгілік ел" салтанат қақпасы

"Нұр-Әлем" музейі

Ұлттық музей

"Бәйтерек" монументі

"Ailand" океанариумы", - делінген хабарламада.