11 маусымға дейін Бейжіңде 56 күн бойы коронавирусты жұқтырудың бірде-бір жағдайы тіркелмеген болатын. Қазіргі уақытта "Синьфади" базары жабылды. Онда эпидемиологиялық тексеріс жүргізіліп жатыр.
Елдің вице-премьері Сунь Чуньлан Пекиндегі "Синьфади" базарындағы кластерлік өршуге байланысты індеттің таралу қаупі өте жоғары екенін ескертті.
Сенбі күні Бейжіңде 36 жаңа жергілікті ауру жағдайлары тіркелді, олардың барлығы CGTN-ның мемлекеттік БАҚ-тарымен бүкіл Азиядағы ірі көтерме сауда нарығы ретінде сипатталған "Синфади" базарында байланыста болғандар.
10 000-ға жуық базар қызметкерлері вирустың бар-жоғына тексеріледі.