Қазақстан • 15 Маусым, 2020

ҰБТ: Талапкер тәртіп бұзса, тест нәтижесі жойылады

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов айтып берді, - деп жазады Egemen.kz

ҰБТ: Талапкер тәртіп бұзса, тест нәтижесі жойылады

"Егер ғимаратқа кіріп бара жатқанда тыйым салынған заттар, смартфондар, жазба қағаздар және т.б. заттар табылса, талапкер тестке жіберілмейді. Кез келген адам ҰБТ-ның өту барысын көре алады. Көрсетілім сілтемесі ҰБТ жақындағанда жарияланады. Әр аудиторияда бейнебақылау орнатылады. Барлық жазбаларға 25 тамызға дейін талдау жүргізіледі. ҰБТ өткізу қағидаларын бұзу анықталған жағдайда көшіру, қағаз жазбаларын қолдану және т.б. тестілеу нәтижелері жойылады. Сонымен қатар,  білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижелері де жойылуы мүмкін", деді Д. Смағұлов.

Оның айтуынша, ҰБТ өту барысын кез келген адам бақылай алады.

"Сонымен қатар, бейнені тек адамдар ғана емес, бейне талдау жүйесі арқылы да бақылаймыз. Арнайы алгоритм тест тапсырушының күдікті позициясын немесе қолындағы тыйым салынған затты анықтауға көмектеседі. Бақылау тек тест тапсырушы талапкерлерге ғана емес, бақылаушыларға да жүргізіледі. Әр адам ҰБТ өту барысын бақылай алады", деді Д. Смағұлов.