Коронавирус • 15 Маусым, 2020

Коронавирустың ағзаға әсері қандай?

1376 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Коронавирустың адам ағзасына әсері туралы тоқтамды пікірмен түйінделу оңайға соқпайын деп тұр. Сарапшылар "вирус адам ағзасын қанша күн бойы билеп – төстейді" деген мәселе тренд болып тұр.  Әзірге зерттеу нәтижелері тоқтамды пікірге келуге мұрша  берер емес. Алғашқы кезде  оның әсері толқын-толқын тәрізді болады, құрбандар саны соған қарап анықталады деген болатын. Бұл пікірге Италиядағы, сонан соң АҚШ-тағы өлім-жітімнің көп болуы себеп болған. Соңғы  зерттеулерде  маусымаралық өзгерістерге байланысты індеттің де әсері өзгеріп отыратыны байқалып қалды.  Әлемдік статистика 15 маусымға дейін  8 миллиондай  адам дертті жұқтырды деп отыр. Қайтыс болғандардың саны – 433 930. Бұл деректерді  Johns Hopkins University жариялап отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирустың ағзаға әсері қандай?

Барлық көрсеткіштер бойынша бірінші орында Құрама Штаттар тұр. Аурудың ең көп расталған жағдайлары (2 092 850), жазылып шыққандар (561 816) және инфекция салдарынан өлім (115 721). АҚШ-та  өлім саны бойынша Нью-Йорк штаты (30 825 жағдай) көш бастап тұр.

Бразилия жұқтырғандардың саны бойынша екінші орында. Мұнда жалпы жұқтырудың 867 624 жағдайы тіркелді. Сарапшылар  Бразилияда әзірше жаппай тексеру жүргізілмегенін айтады, сол себепті нақты статистика бұдан да көп болуы мүмкін.   

Ресей жұқтырғандардың саны бойынша үшінші болып қалып отыр. Бұл елде 5 28 267 адам індет жұқтырды. Оның ішінде 279 536 пациент емделіп шықты, 6 938 адам қайтыс болды.

Бұл анти-рейтингтің (вирус жұқтырғандар саны бойынша) алғашқы ондығына келесі елдер кіреді: Үндістан (320 922 жағдай), Ұлыбритания (297 342), Испания (243 928), Италия (236 989), Перу (225 132), Франция (194 153) және Германия (187 518). 

Қатерлі дерттің құрбандары да, дерттенген адамдардың саны уақыт өткен сайын көбейіп барады. Медицинаның жаңалығы қатерлі дерттің өсу қарқынына ілесе алмай келеді. Адамзаттың қаупін қоюлатып отырған фактор да – осы. Британдық зерттеушілердің мәліметтері бойынша аурудың бастапқы белгілері 30 немесе одан да көп күн ішінде пайда болуы, жоғалып кетуі және қайта пайда болуы мүмкін,  бұл ДДҰ мамандары көрсеткен ресми екі апталық кезеңнен едәуір ұзақ.

Демек, сарапшылардың бір тобы коронавирус адам ағзасында ұзақ уақыт қалып қояды, иммунитет әлсірегенде ол қайта бас көтеруі мүмкін екенін анықтаса да  ауруды жұқтырып, жазылып шыққандардың жан жағына қаншалықты қауіп төндіретіні жайлы  тоқтамды пікірге келе алмай жатыр.

Science журналы коронавирустың адам ағзасына әсері туралы "адамзат өзінің тарихында мұндай дертті бастан кешіп көрмеген"  деп жазған.

Мемлекеттер инфекцияны тоқтату үшін жеткілікті шара қабылдады, ДДҰ экономикасы нащар дамыған елдерде көмек қолын созды.  Бірақ тосыннан келген дерттің адам ағзасына әсерін әлі толық зерттеп біткен жоқпыз. Белгілісі – денсаулығында ақау бар азаматтар алғашқылардың бірі ажал тырнағына ілінгені.     

Медицина алғашқы сәттерде мұны SARS немесе құс тұмауы сияқты жалпы респираторлық ауру деп қабылдады. Бірақ кейіннен   SARS-CoV-2 –нің  өкпеге, миға, назофаринске, көзге, жүрекке, қан тамырларына, бауырға, бүйрекке және ішекке әсер етуі мүмкін деген болжамдар шындыққа айнала бастады.

Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша, коронавирус көптеген белгілермен бірге жүретіні белгілі болды. Мұның салдары кейде өлім жағдайымен аяқталатынын көріп жүрміз. Дәрігерлер  індеттен айығып шыққандардың өзінде дерт белгісі 3 апта бойы кетпейді, бұл мерзімде ол жан-жағы үшін қауіпті екенін айтып жатыр.   

Тағы бір маңызды сұрақ туындайды. SARS-CoV-2 вирусы адам ағзасында  қандай формада сақталатыны күні бүгінге дейін жұмбақ. Кейбір зерттеулер оны  обырдың жасушаларымен салыстыра бастады.  Себебі  обыр жасушасы адамның иммунитеті әлсірегенде немесе стрестік жағдайда күш алып, өзге ағзаларға дес бермей кететіні мәлім болатын. Сол себепті  ДДҰ кем дегенде 2022 жылға дейін сақтық шараларын қолданып, ара қашықтықты сақтаған дұрыс деп отыр.      

Дәрігерлер коронавируспен ауырған науқастардың әртүрлі мүшелеріне келтірілген зиянды бағалауға тырысқанда, олар  өкпе, жүрек, бүйрек немесе қан ауруларынан зардап шегетін адамдардың айығып шығуы өте күрделі жағдайда өтетінін байқаған. Бірақ дертті қоздырушы жендет-жасушаның қай ағзаның қалтарысында бұғып қалатыны әлі күнге дейін жұмбақ. Себебі  ағзаға аталған вирус түскен бойда бүйрек, өкпе, жүрек  жұмыстары қалыпты режімнен жаңылып қалатыны байқалған. Басқаша айтқанда КОВИД алдында барлық ағза әлсіз, олардың бірлесіп тойтарыс беру мүмкіндігі тіпті әлсіз. Дәрігерлер мұны гиперцитокинемияға немесе цитокиндік дауылға, иммундық жасушалардың бақылаусыз активтенуіне әкелетін, дененің қабыну ошағының тіндерінің бұзылуына әкелетін қауіпті реакциясы деп санайды. Мұндай реакция коронавируспен ауыратын кейбір науқастарда байқалды.

Атап айтқанда, жүрек бұлшықетінің қабынуы (миокардит) пайда болады, ол электр импульстарына кедергі келтіреді, артемияға әкеледі және қан айналымын бұзады, тыныс алудың қысқаруына әкеледі.

Жүрек-тамыр жүйесінің асқынулары коронавирус үшін ерекше емес. Көптеген вирустық аурулар миокардитті тудыруы мүмкін. Пациенттердің көпшілігі сауығып кетсе де, кейбір жағдайларда жүрек бұлшықетінің зақымдануы қалпына келмейді.

Сонымен қатар, Ковид-19 қанның өзіне теріс әсер етеді. Нидерландыда 184 пациенттің 38% -ында қан ұюының жоғарылауы анықталды. Бұл ретте  ең алдымен өкпеге әсер етеді, бірақ кейбір пациенттерде инфекция бүйрекке де таралады. 

Сонымен қатар, жедел бүйрек жеткіліксіздігі (ARF) бар пациенттерде өлім қаупі коронавируспен ауыратын қарапайым емделушілерге қарағанда 5 есе жоғары болды. Әзірге ғалымдар  вирустың нейрондарға - жүйке жасушаларына қалай әсер ететініне назар аударады. Сондай-ақ, дәм мен иіс жоғалуы, қабыну процестері (осылайша иммундық жүйеміз вирусқа жауап береді) және кейбір пациенттер сезінген оттегінің жетіспеушілігі туралы айтылады.

Когнитивті бұзылулар интенсивті терапиядағы пациенттермен байланысты болуы мүмкін, бұны адамның галлюцинациясы болған кезде ақыл-ойдың уақытша бұлдырауы немесе делирий деп атайды, алайда, бұл көбінесе егде жастағы адамдарда байқалады.

Дерт тудырған  белгілер уақыт өте келе жойылып кетсе де, олардың кейбіреуі сақталуы мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша, коронавируспен ауыратын науқастарда когнитивті функциялардың қалпына келуі жасына, ауруға бейімділігіне (яғни, науқаста екі немесе одан да көп аурулардың болуы немесе бұзылулардың бірге болуы) және аурудың ағымының ауырлығына байланысты. Лондон корольдік колледжінің оңалту медицинасының профессоры Линн Тернер-Стокс атап өткендей, вирус тіпті жеңіл дәрежеде ауырған науқастардың миына да әсер етуі мүмкін.

Кембридж университетінің профессоры Эд Буллмордың пікірінше, SARS-CoV-2 "науқастың психикалық жағдайының өзіндік өзгеруіне" әкелетін "нейротоксикалық ауруды" тудырады деп сенуге толық негіз бар.

Лондон корольдік колледжінің оңалту медицинасының профессоры Линн Тернер-Стокс атап өткендей, вирус тіпті жеңіл дәрежеде ауырған науқастардың миына да әсер етуі мүмкін. Кембридж университетінің профессоры Эд Буллмордың пікірінше, SARS-CoV-2 "науқастың психикалық жағдайының  өзгеруіне" әкелетін "нейротоксикалық ауруды" тудырады.   "Біз бұл нейротоксикалықты қоздырып жіберетін күш неден күш алып тұрғанын нақты білмейміз. Вирус миға зақым келтіруі де мүмкін. Оның кері әсері араға жылдар салып байқалатын болады. Сондықтан коронавирус алдағы бірер жылда біздің өмір сүру салтымызға тікелей әсер ететін факторларға айналуы, күнделікті тұрмысымызды соның беталысына қарап бейімдеуге туралы келетініміз әбден мүмкін. Бізде таңдау мүмкіндігі жоқ. Барынша сақтық шараларын сақтаймыз немесе салғырттыққа салынып, құрбандардың қатарын көбейтеміз. Бәрі өзімізге байланысты", - деді Эд Буллмор.

АЛМАТЫ