Абай • 16 Маусым, 2020

Ең үздік суреттер "Абайдың қара сөздері" мерейтойлық кітабына басылады

809 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл күндері Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған балалар суреті байқауы да мәреге жетті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Ең үздік суреттер "Абайдың қара сөздері" мерейтойлық кітабына басылады

Байқауға мұрындық болған "BAURZHAN foundation" Жеке қоры шығармашылық жарыстың нәтижесін "Балалар әлемді бейнелейді" ҚҚ және "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесе отырып шығарды. Ең үздік суреттер Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған "Қара сөздер" кітабының иллюстрацияланған басылымында жарияланады.

Осылайша, ойшыл ақынның мерейтойы қарсаңында жүріп жатқан шаралар қатарына "Қара сөздер" сурет байқауы да қосылды. Аты айтып тұрғандай, байқау – Абай Құнанбаевтың 45 өсиет әңгімесі мен философиялық трактаттарынан тұратын "Абайдың қара сөздеріне" негізделген. Дәл осы әңгімелер балалардың шығармашылық жұмысының өзегіне айналды.

Байқауға барлығы бүкіл Қазақстанның жас суретшілерінен 300-ге жуық жұмыс келіп түсті.  Абайдың қара сөзін түсініп, оны бейнелеу – жеңімпаздарды таңдаудың негізгі өлшемі болды. Нәтижесінде кәсіби суретшілерден тұратын сарапшылар қазылар алқасы: иллюстратор және жазушы Асылгүл Байдаралина, шыны, керамика және акварельді кескіндеме шебері Мерей Ибрагимов, суретші-график Мұрат Ділманов, ҚҚ "Балалар әлемді бейнелейді" директоры Мөлдір Бекжан және BAURZHAN қорының жоба-менеджері Саида Ибрагимова үздік 45 жұмысты іріктеп алды.

Байқаудың басты ерекшелігі – жеңімпаздардың жұмыстары тұсаукесері осы жаздың соңына жоспарлан "Абайдың қара сөздері" атты жаңа мерейтойлық кітап басылымына енеді. Кітаптар елдегі барлық кітапханаларға таратылатындықтан қолжетімді болады.

"Абайдың Қара сөздері" байқауының негізгі мақсаты – бұл әрине, Абай Құнанбаев қалдырған құндылықтарының арқылы өскелең ұрпаққа өзінің шығармашылық әлеуетін ашуға көмектесу. Біз жаңа суретті кітап қазіргі жастар шығармашылығы мен үлкендердің даналығының символына айналатынына сенімдіміз, - дейді BAURZHAN Қоры жобасының менеджері Саида Ибрагимова.

 

Алматы