Саясат • 18 Маусым, 2020

Жетісайдағы емхана толық қуатында жұмыс істеуде

676 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл ақпан айында Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген болатын. Ол Жетісайдағы құрылысы аяқталған жаңа емхананың жұмысымен танысып, дәрігерлермен кездесті. Сол кездесуде емханаға медициналық құрал-жабдықтардың әлі 100 пайыз орнатылмағаны, мекеменің жұмысқа толық кіріспей тұрғаны сөз болған еді. Б.Байбек бұл мәселені назарда ұстап, партиялық бақылау жасау жөнінде тапсырма берді.

Жетісайдағы емхана толық қуатында жұмыс істеуде

Осыған сәйкес өңірдегі партиялық бақылау комиссиясы арқылы жұмысшы топ құрылды. Жұмысшы топ аталған мәселелерді қадағалап, тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізді. Nur Оtan партиясы Түркістан облыстық филиалы партиялық бақылау жөніндегі инспекторы Асқар Еркінбековтің айтуынша, партия Төрағасының бірінші орынбасарының тапсыр­масына сәйкес жұмыстар жүргізілген. Емхананың интернет жүйесіне қосылмағаны, құрылыс басқар­масы мен медицина меке­месі арасында қабылдау-өткізу актісінің түзілмегені анық­талып, тиісті ұсы­ныстар берілген. Нәти­жесін­де, мердігер мекеме «Темир-Спецстрой» ЖШС өз қаржысы­мен 2020 жылдың наурыз айында интернет жүйесін тартып берді.

Одан бөлек, нысан облыстық құрылыс басқармасы мен пайдаланушы мекеме «Жетісай аудандық орталық ауруханасының» арасында қабылдау-өткізу актісімен ресімделді. Қазіргі таңда аталған екі мәселе де шешімін тауып, емхана 1 сәуірден бері толық қуатында жұмыс істеуде. Жалпы, емхананың құрылысы 2017 жылы қазанда басталып, 2019 жылдың 26 желтоқсанында аяқталған.

Жетісай аудандық орталық ауру­ханасының бас дәрігері Нұр­лан Жолдасбековтің мәлім­деуін­ше, медициналық мекеме халыққа сапалы қызмет көрсетіп жатыр.

«Мекемеде 500-дей адам, атап айтсақ, 80 дәрігер, 300-дей ор­та буын медбике және 120 кіші мед­қызметкер жұмыс іс­тейді. Қалалық емханаға 501 млн тең­генің құрал-жабдықтары алын­ған. Жабдықтар Ресей, Италия, Оң­түстік Корея және өзге мем­ле­кет­­терден жеткізілген», дейді ол.

Жедел жәрдем көрсету стан­сасы мен аталған емхана бір ауысым­­да 500 адамды қабыл­дай­ды. Мұн­­дағы дәрігерлер мен маман­дар­дың біліктілігін арттыру бо­йын­­ша да тиісті жұмыстар қол­­ға алынған. Жетісайлық тұр­ғын­­дарға қызмет көрсетіп жат­қан жаңа ғимарат өңір тұр­ғын­дары­ның денсаулығын жақсар­туға оң серпін береді деген сенім бар.