Саясат • 19 Маусым, 2020

Судьялардың жауапкершілігі күшейтіледі

152 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов­тың сот жүйесінің реформалануы туралы есебін тыңда­ды, деп хабарлады Прези­дент­­тің баспасөз қызметі.

Судьялардың жауапкершілігі күшейтіледі

Жоғарғы сот төрағасының айтуынша, 2,5 жыл ішінде бірқатар қанатқақты жобалар жүзеге асырылып, 22 заң жобасы әзірленген. Оның ішінде 10 заң жобасы қабылданды.

Судьялық кадрлар саласында да өзгеріс­­­тер болды. Атап айтқанда, жаңа судья­­­ларды іріктеу мақсатында тиімді HR-тех­­но­логиялар енгізілген, судьялар­дың тәр­тіптік жауапкершілігі, кадрлық резе­рв мәселелері Жоғарғы соттан Жоға­ры сот кеңесінің қарауына берілген, сон­­дай-ақ жұмыс істеп жүрген судья­лар­ды бағалаудың жаңа институты – Сот төре­лігінің сапасы жөніндегі комис­сия­ның қызметіне де өзгеріс жасалған. Соны­мен қатар Жақып Асанов жаңа ба­ға­лау әдіс­те­ме­сі бойынша 2022 жылға де­йін судья­лар­дың шамамен 80%-ы аттеста­ция­дан өтеті­нін жеткізді. Оның айтуынша, 2019 жылы аттестацияға қатысқан судья­лар­дың 10%-ы бағалаудың жаңа жүйесінен өте алмаған.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысына ақтау үкімдері санының күрт өскені, әсіресе бұл көрсеткіш ауыр қылмыстар бойынша 12 есе, ал аса ауыр қылмыстар бойынша 6 есе артқаны айтылды.

Жоғарғы сот төрағасы Қазақ­стан Президентіне Азаматтық процессуалдық кодекске енгізілген түзетулер биылғы 22 маусымнан бастап күшіне енетінін және ондағы өзгерістер туралы баяндады.

Сонымен қатар әкімшілік әділет мәсе­ле­сі туралы да сөз қозғалды. Аталған инс­ти­­тут Қазақстанда Әкімшілік рәсімдік-про­­­цес­суалдық кодексті қабылдаған соң ен­гі­зі­леді. Қазіргі уақытта ол Сенаттың қарауында.

Жоғарғы сот төрағасы Мемлекет басшы­сына COVID-19 пандемиясы кезеңін­дегі соттардың жұмысы туралы да ақпарат берді. Сондай-ақ ол процеске қаты­су­шылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралардың қабыл­данатынын атап өтіп, төтенше жағдай кезеңінде және одан кейін де сот төрелігін жүзеге асыру ісі тоқтамағанын айтты.

Әңгімелесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы сот жүйесінің алдына бірқатар нақты міндеттер қойды және қазіргі күрделі кезеңде соттардың жұмысы үздіксіз жалғаса беретіндігіне сенім білдірді.