Нұрлан Жанұзақұлы Алдамжаров 1975 жылы 12 қыркүйекте Ташкент қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Ташкент инженерлік ирригация және механизация ауыл шаруашылығы институтын "инженер-гидротехник" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1999 жылы Ташкент қаласында "Ташоблмелиоводстрой" трестінің №5 механикаландырылған өндірістік колоннасының 4 разрядты монтажнигі болып бастаған.
Түрлі жылдары мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарды еңбек еткен.
2008-2012 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының жетекші маманы, бас маманы.
2012-2014 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басшының орынбасары.
2014-2015 жылдары — ОҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы.
2015-2016 жылдары — "Нұр Отан" партиясының орталық аппараты ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаментінің директоры, партиялық бақылау қызметінің басшысы.
2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2018-2020 жылдары — Жамбыл облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.