Экономика • 19 Маусым, 2020

KMF микроқаржы ұйымы ЕҚДБ-дан 40 млн доллар несие алды

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KMF микроқаржы ұйымы Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚДБ) ұсынған ұлттық валютадағы несие  коронавирустық пандемия әсерінен микро, шағын және орта кәсіпорындардың (ШОБ) өтімділікке деген шұғыл қажеттіліктерін жабады", деп хабарлайды Egemen.kz 

KMF микроқаржы ұйымы ЕҚДБ-дан 40 млн доллар несие алды

40 млн долларға баламалы қазақстандық теңгедегі несие жергілікті кәсіпорындарға кәсіпкерлік қызметті жалғастыруға және жұмыс орындарын сақтауға көмектеседі. Сарапшылар несиенің ұлттық валютада ұсынылуы қарыз алушылардың валюталық тәуекелдерін азайтады. "Қазір біз клиенттеріміздің бизнесі белсенді түрде қалпына келтіріліп жатыр. Біз бұл қаржыландыруға жоғары сұранысты атап өтеміз және ЕҚДБ-ға кәсіпкерлік белсенділікті, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды көбейту үшін жұмыс жасайтын Қазақстанға инвестициялар тарту бойынша белсенді жұмысы үшін алғыс білдіреміз",  деді KMF Басқарма Төрағасы Шалқар Жүсіпов.


KMF-тің Қазақстан бойынша 14 филиалы және 111 бөлімшесі бар. Күні бүгінге дейін Қазақстанда 225 000 астам клиенттерге қаржылық қызмет көрсетті. Компания 2005 жылдан бастап ЕҚДБ серіктесі. ЕҚДБ COVID-19 пандемиясынан туындаған экономикалық құлдырауға жауап ретінде екі бірлескен көмек пакетін бөлді және қазір 2020-2021 жылдары бизнеске 21 млрд еуроға дейінгі жалпы инвестицияларды бағыттауды жоспарлап отыр.