Спорт • 19 Маусым, 2020

"Барселона" Неймарды сотта жеңіп шықты

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Каталонияның "Барселона" клубы сотта өздерінің бұрынғы ойыншысы Неймарды жеңіп шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Барселона" Неймарды сотта жеңіп шықты

"Барселона" сапында 2013-17 жылдар аралығында өнер көрсеткен 28 жастағы шабуылшы Неймар 2014 жылы клубқа қарсы шағым түсірген. Шағымында ол 2016 жылы клубпен келісімшартты ұзартқаны үшін сыйақы ретінде алатын 43,6 миллион еуроны алмағанын айтқан. 

Алайда, сот бүгін шабуылшының шағымын мақұлдамай, "Барселонаның" пайдасына шешім шығарды. Онымен қоса сот бразилиялық футболшыға "Барселонаға" 6,7 миллион еуро өтеп беруді талап етіп қойды. Енді Неймар клубқа қарсы тағы да бір шағым дайындап отыр екен. 

Айта кетейік, футболшы "Барселонаға" қарсы 3,5 миллион еуро көлемінде тағы да бір рет арыз берген. Бірақ сот бұл арызды қабылдаудан бас тартты. 

Неймар 2013 жылы 57 миллион еуроға "Барселона" қатарына қосылған еді. Ал 2017 жылы ол 222 миллион еуроға "ПСЖ" сапына ауысты. Бұл футбол тарихындағы ең үлкен трансфер болып тіркелген болатын.