Президент • 21 Маусым, 2020

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

"Еліміздегі барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Ауырған жанды емдеу, өмірін сақтау – сіздердің қастерлі еңбектеріңіз. Бүгінде көпшілігіңіз пандемиямен күрестің алдыңғы шебінде жүрсіздер. Қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Аман болыңыздар! Мемлекет сіздерге жан-жақты көмек береді", - деп жазды Президент Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, 21 маусым - медицина қызметкерлері күні.