Қоғам • 21 Маусым, 2020

Бүгінгінің батырына бір бума хат

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде маусым айының үшінші жексенбесінде дәстүрлі түрде медицина қызметкерлерінің күні аталып өтіледі. Бұл мереке бар ғұмырын халықтың саулығы жолына арнаған абзал жандардың еңбегі еленетін күн. Осыған орай оқушылар бейбіт күннің батырлары – ақ халатты абзал жандарға арнап үшбу хаттарын жолдады. 

Бүгінгінің батырына бір бума хат

Бүкіл әлем дүниені дүрліктірген пандемияда дәрігерлердің қадірі еселеп артты. Талайдың өмірін жалмаған қауіпті дертпен алдыңғы шепте күресіп жүрген медицина қызметкерлерінің еңбегі ерлікке пара-пар. 

Осынау айтулы мереке қарсаңында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалы «Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің» оқушылары дәруі дертке дауа дәрігерлерге риясыз алғыстарын білдіріп, ерекше құттықтауды ұйғарды.  Бір топ зияткер қолдарына қалам алып, бүгінгінің батырларына арнаған ақжарма тілектері мен жүрекжарды лебіздерін қағаз бетіне түсірді.

сурет

Сөз басын «Egemen Qazaqstan» газетінің ардагері, айтулы ақын Қорғанбек Аманжолдың дәрігерлердің өлшеусіз еңбегін бағалауға шақырған өлеңімен бастаған оқушылар одан әрі толғанысты ойларымен өрбітті.

– Біз ең ардақты мамандық иелері дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғыс айтудан жалықпаймыз. Адамзаттың амандығы жолында ұйқы көрмей, уақытпен санаспай еңбек етіп жүрген бүгінгі күннің батырлары – медицина қызметкерлері барлық құрметке лайық деп білеміз. Олар бірнеше айдан бері отбасыларынан жырақта жүріп, қауіпті дертті ауыздықтауға бар күштерін салуда. Абзал жандарға демеу болсын, әрі көңіл-күй сыйласын деген мақсатта бір бума хаттарымызды жолдағалы отырмыз, – дейді оқушылар.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше