Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Айгүл Құспан сөйлеген сөзінде Елшілік Қазақ мәдени орталығы арқылы Қазақстанның бай, көп қырлы мәдениетін және тарихын насихаттауға ниетті екенін атап өтті.
⠀
Орталықта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақтар, Қазақстан тарихы мен мәдениеті туралы семинарлар, тіпті қазақ қолөнері мен қазақ тағамдары бойынша шеберлік сыныптарын өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар Орталықта екі жыл бұрын Елшілік құрған қазақ би орталығы өз жұмысын жалғастырады. Балаларға "Қазақ тiлi мен қазақ әдебиетінің оқытушысы - Филолог" мамандығы бойынша дипломы бар мұғалім, елшілік қызметкерінің жұбайы Мейіргүл Сабаз үйретеді.
⠀
"Болашақта біз Қазақстаннан асырап алынған балаларды, сондай-ақ қазақ диаспорасын мәдени орталығымыздың жұмысымен таныстыруды жоспарлап отырмыз. Олар үшін отанымен байланысын сақтауға орталығымыз себепкер болады деген үміттемін.
⠀
Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз. Әр ұлт ана тілінің өзіндік ерекшелігімен, қалыптасуымен дараланады. Халқымыздың өткені мен болашағы, баға жетпес байлығы – ана тілі. Олай дейтін себебіміз, тіл – халықтың ұлттық болмысы, сәні, кескін-келбеті, тарихы.
⠀
Мәдени орталығымыз бәрімізге ортақ "қазына" болады. "Қазынамызды" байытуға, кітап қорын көбейтуге, түрлі қызықты материалдар іздеуге бәріміз жұмыла кірісуіміз керек. Ал, ендеше іске сәт!" - деді Елші А. Кұспан.
Брюссельде Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігі жанындағы "Тіл-Қазына" қазақ мәдени орталығы өз есігін ашты, - деп хабарлайды Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Елшілігі.
Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Найзағай, бұршақ, боран. Алматыда күн райы күрт бұзылды
Ауа райы • Кеше
Алматы облысында пара алған судья 4 жылға сотталды
Қоғам • Кеше
Ұлытау облысында 18 миллион түп ағаш отырғызылады
Қазақстан • Кеше
Президент ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
Президент • Кеше
«Қазақстан - қызғалдақтар отаны» атты іс-шара өтті
Табиғат • Кеше
Өскеменде есірткі жарнамалаған ерлі-зайыптылар ұсталды
Есірткі • Кеше
Атырау облысына әскери күштер мен техникалар тартылады
Аймақтар • Кеше
Құмар Ақсақаловтың орынбасары қызметінен кетті
Аймақтар • Кеше
Ақтауда мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген
Аймақтар • Кеше
Жайық өзені маңындағы жыралар ашылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Атырауға мол су мамыр айының басында келуі мүмкін
Аймақтар • Кеше
Елдегі асфальт-бетон зауыттары тексеріліп жатыр
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда кітап бағасы қымбаттады
Қоғам • Кеше
Су тасқыны кезінде 1 млрд теңгеге залал келтірілген - ҚМА
Қазақстан • Кеше
Азия чемпионатына қатысатын боксшылар анықталды
Бокс • Кеше
Зайсанда 2 балдық жер сілкінісі болды
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы Семей тұрғындарының бастамасын қолдады
Президент • Кеше
Жезқазған қаласында 100 көшет отырғызылды
Экология • Кеше
Петропавл тұрғынының үстіне қабырға құлап кетті
Оқиға • Кеше
Волонтер • Кеше